Талдау 2022-2023 » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
июнь
2023

Талдау 2022-2023

2022-2023 оқу жылына талдау есебі


      Мектеп атауы: «Алматы облысы білім басқармасының  Балқаш ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар   Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»   мемлекеттік коммуналдық мекемесі

    Мектепте 65 мұғалім жұмыс жасайды. Барлық мұғалімдер жоғары білімді, 1 мұғалім арнаулы орта. Педагог  зерттеуші мұғалім саны – 7, педагог –сарапшы –  23  ,    педагог – модератор – 20 

Білім беру талаптарының орындалу қорытындысы 


Оқу тәрбие  үрдісі мектептің негізгі бағыты болып табылады. Бұл ұйымда барлық оқу пәндерінің жүргізілуі, оқушыларды  бағалау, тоқсан  сайын қорыту, жыл соңында емтихан қабылдау сияқты міндетті атқарылатын  жұмыстар жүргізілді. Оқу жылының жоспарын  сақтап, сол жоспар негізінде  жұмыстың жүргізілуі, әрбір мектеп қабырғасындағы  адамдардың міндеті. 2022 -2023  жылғы мектепішілік оқу жоспары жасалғанда, оқушылардың жас ерекшеліктері  мен  пән арасындағы айырмашылық, бағдарламаның негізгі мазмұны қадағаланады. Оқушыға арналған апталық  оқу жүктемесінің деңгейі шектен тыс қолданыста болған жоқ. Апта бойына бекітілген жүктеме сағаттар уақытында жүргізілді. Мемлекеттік оқу бағдарламасы барлық пәндерде сақталып орындалды. Мектептің білім беру бағдарламалары негізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерді қамтамасыз етеді және оқушының   дамуы оқу  барысында жүреді.

Білім беру процесін ұйымдастыру:

  • Мектеп 1 -11 және даярлық сыныптарды оқытады.
  • Оқу қазақ тілінде жүргізіледі.
  • Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, 31 мамыр аяқталады.  Оқу барысында демалыс күндері бар. Күзгі демалыс 7 күн, қысқы демалыс  9 күн, көктемгі демалыс 9 күн. Қосымша демалыс күндері 1- сынып  және даярлық сыныптарында ақпан айында болды.
  • Оқу жылы төрт тоқсанға  және екі жартыжылдыққа бөлінген.
  • 1 -11 сыныптарда сабақ бес күндік оқу жүйесімен оқытылады.
  • Жоғары буын оқушылары жаратылыстану –математикалық  және қоғамдық –гуманитарлық бағыт бойынша   оқиды.

         Мектептегі базалық білім мазмұны, білім бағдарламасының түрлері, оқу жүктемесінің көлемі әр сатыдағы оқушылардың міндетті дайындық деңгейі, оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын жалпы талаптарда білім стандарты бойынша белгіленген.

              Білім мен оның дамуы- адамзат өркениетінің өлшемі. Олай болса, білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған  қазіргі кезең – жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. «Ұстаз- келер күннің ұстасы» демекші ұрпағымыздың  ертеңі  қандай адам болып қалыптаспағы – мұғалімнің бүгінгі арқалар жүгі болмақ.  Біздің заман- жаңа заман. Жаңа көзқарас, жасампаз жаңашылдықтың дәуірі. Әрбір сәт үшін болып жатқан  өрелі өзгерістердің  мәні мен маңызы зор.  Бүгінгі таңда технология саласындағы жаңалықтар күн санап емес, сағат сайын жаңаруда. Яғни, бұл бағытта бір сәтке кешігу- ізбе-із өкшелеп келе жатқан бәсекелеске орын беріп, артта қалу деген сөз. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің  өлшемімен таразыланады. Бұл үміт-ұстаз алдындағы міндет те. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі, ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты, дарынды  болмақ.  «Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің, заман жаңалығының жаршысы болуға тиіс»-деп, өзінің барлық саналы ғұмырын  халық ағарту ісіне арнаған, оқытушы, әрі жазушы С.Көбеев айтқандай, білім беру жүйесіндегі барлық өзгерістердің жаршысы ұстаз болып саналады

         Оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға   міндетті білім беру стандарттарының талаптарын барлық  білім алушылар игеріп, 2021-2022 оқу жылында  мектеп оқушылары  төмендегідей білім сапасын көрсетті. 

   Жылдық  қорытынды бойынша  мектебімізді   570 оқушы аяқтап ,    оқу озаты,      оқу екпіндісі болды. Жылдық білім сапасы  -     болды. 


2022-203 оқу жылындағы білім сапасы мен оқу үлгерімінің салыстырмалы мониторингі.


Оқу жылы

Оқушы саны

Білім сапасы

Оқу үлгерімі


1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

2022-2023

567

568

570

570

61,3

62,9

63,6

64

100

100

100

100


Динамика

-

+1

+2

0

-

+1,6

+0,7

+0,4

-

-

-

-



Сараптама: Оқу жылының басында  мектепке қабылданған оқушы саны 571  болса, соңында   570  болды. Жыл бойына келген оқушы саны  - 23 , кеткен оқушы саны - 24. 



Оқу жылы

Келгені

Кеткені


1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

2022-2023

8

5

9

1

12

4

7

1



Сараптама: Білім сапасы мен оқу үлгерімінің жылдық көрсеткіші бойынша оқушылар саны 3 балаға артып, білім сапасы 1 тоқсанда  -  61,3 % , 2 тоқсанда  -  62,9 % , 3 тоқсанда  - 63,6 % , 4 тоқсанда –  64   , үлгерімі – 100 % болды.

    Білім сапасының жылдық динамикасы: +1,6, + 0,7,  + 1,8   пайызды құрады.


Динамика: Барлық оқушы саны 1 тоқсанда  - 567/ 282  , 2 тоқсанда   -  568/ 282, 3 тоқсанда  - 570/285 , 4 тоқсанда -  570/284

Оқушылар саны оқу жылының басынан 3 оқушыға  артты , қыз балалар да  3 оқушыға   артты.


Сыныптар саны: 1 – 4 сыныптар – 10 сынып  (240/114); 5 – 9 сыныптар – 12 сынып   (281/141);

10 – 11 сыныптар – 4  сынып (49/29).

Жиыны : 26  +2 = 28  сынып комплектісі, оқушы саны: 0 – 11 сынып : 570 + 40 = 610


«Үздіктер» мен «Екпінділердің» білім сапасы мен оқу үлгерімінің мониторингісі


Оқу жылы

Үздіктер

Екпінділер

Қанағаттанарлық


1

тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жыл

дық

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жыл

дық

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жыл

дық

2022-2023

99

102

122

130

133

217

222

207

201

197

199

191

188

186

187

Динамика


-

+3

+20

+8

+3

-

+5

    -15

-6

-4

-

- 8

    -3

-2

+1




     Қорытынды:Мектептің жылдық жоспарына сәйкес құжаттаманың жүргізілуі жалпы,жеке,жалпы-пәндік,шолу,кешенді бақылау. Тексерілген жұмыстар директор жанындағы отырыста,әдістемелік кеңесте,сынып жетекшілердің отырыстарында  қаралды.

Жылдық талдау бойынша төмен сапа көрсеткен  7 б, 8 а,б,  9а,  –сынып оқушыларына сабақ беретін пән мұғалімдерінің жұмыс барысы  әдістемелік бірлестіктерде және педагогикалық   кеңесте, әр тоқсан қорытындысы кезінде қарастырылады. 




Ұсыныс:

1.Оқу жылының соңында сыныптар бойынша сапа көрсеткіштерін төмен көрсеткен сыныптар келесі оқу жылында мектепішілік бақылауға алынсын.

2.Оқушылардың жазғы демалысы кезінде қосымша тапсырмалар беру,  жаздық мектепке  нашар оқушыларды және қосымша білім алғысы келетін  оқушыларды   қамту сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне жүктелсін.

3.Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен сөйлесіп,  жазғы демалыс уақытына пән мұғалімдерінен тапсырма алуына ықпал жасау сынып жетекшілеріне міндеттелсін.

          2023-2024 оқу жылында пән мұғалімдеріне оқуға ынтасы жоғары және қиын балалармен жұмыстарын көбейту, білім сапасы мен оқу үлгерімін жоғары дәрежеге жеткізуге өз үлестерін қосу керек. Бұған қоса сабақ жоспарларының да методикалық талаптарға сай болуы және оқу үлгеріміне ерекше мән берулерін сұраймыз.





Педагогикалық кадрлардың аттестатталуы


Әдістемелік жұмыстың  ең маңызды бағыттарының бірі оқытушылардың кәсіби шеберліктерінің деңгейі. Мектепте ол аттестаттау қорытындысымен көрсетіледі.

     2022-2023  оқу жылында   Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш ,негізгі және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын , техникалық және кәсіптік ,орта білімнен кейінгі , қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы » бұйрығы негізінде  жаңа форматтағы аттестаттауға  баратын мұғалімдер біліктілік тестін тапсырады. 

    Осы оқу жылында педагог – модератор  санатына  Қанат Айнұр информатика пәні мұғалімі, Сихымбаева Г.С. география пәні мұғалімі, Какешова А.Т. биология пәні мұғалімі, Қорабаева Г.А. орыс тілі пәні мұғалімі, Сейтбекова Толғанай ағылшын тілі пәні мұғалімі, Орынғали Раушангүл қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Омарова Г.А., Мақсұт Айжан бастауыш сынып мұғалімдері, Есыбаев Т.Қ. дене шынықтыру пәні мұғалімі, Тұрғанбай Ж.Е. бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі,  Пиязбаева А.Б. дефектолог.  Барлық мұғалімдердің портфолиолары  аудандық білім бөлімі сараптамасынан өтіп, тестілеуге жіберілді. Бірақ та өкінішке орай,   тестілеуге барған сегіз мұғалімнің төртеуі тестілеуден өтіп, төртеуі өтпей қалды. Төрт мұғалім тіркеле алмай , шілде айына қалды.

  Қазіргі уақытта  мектебімізде  7  педагог –зерттеуші,   23  педагог –сарапшы ,   24  педагог – модератор  санатындағы ұстаздар жұмыс атқаруда. Мұғалімдердің біліктілік деңгейлерінің өсу динамикасы қанағаттанарлық  екені байқалады. Алдағы міндет –жас мұғалімдердің кәсіби деңгейін шыңдау жұмыстарын   келесі  оқу жылында жалғастыру қажет және педагогикалық  жұмыстарында нәтижесі бар педагогтардың аттестаттаудан өту деңгейлерін жоғарылату бойынша жұмыс жүргізу керек.



Үйден оқыту бойынша мектебімізде  облыстық   психологиялық – медициналық – педагогикалық  кеңестің тұжырымдарына сәйкес  6  оқушы  үйден оқытылады . Олар: 2 «б» сынып оқушысы  Совет Нұрдәулет, 1 «а»  сынып   оқушысы Даниярұлы Дияр ,  5 «б» сыныбының оқушысы  Әділжан Әлихан , 7  «ә» сынып оқушысы  Нарманбет Ақнұр, 7  «б»  сынып оқушысы Қуантай  Алтынбек,  8 «б»   сынып оқушысы Жанат Наргиза. Әр оқушының құжаттары жинақталды, сабақ кестесі жасалынып ата –аналарымен келісілді.

      Осы оқушыларға сабақ беретін   барлық пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, сабақ жоспарлары түгел, пән мұғалімдерінің сабақ материалын оқушының қабылдауы туралы жүргізілетін күнделіктері де ата-аналармен келісілген. 

          Мектеп психологтары, дефектолог, логопед  тарапынан үйден оқытылатын балалармен тренингтер, сауалнамалар жүргізіліп, зерттеу-диагностика жұмысы атқарылып отырды.