Бірлестік жоспары. Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі. 2023-2024 оқу жыл » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірлестік жоспары. Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі. 2023-2024 оқу жыл
22
январь
2024

Бірлестік жоспары. Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі. 2023-2024 оқу жыл

Б Е К І Т Е М І Н:

Мектеп директоры:

__________________

«___» _____ 2023 ж.



                                                     К Е Л І С Е М І Н:

                                            Оқу ісінің меңгерушісі:

                                                                                             _______________

«_____» ____2023 ж







«Мусабек Сеңгірбаев атындағы орта мектебі» МКМ



Орыс тілі мен әдебиеті және шет тілдері 

мұғалімдер  әдістемелік бірлестігінің

2023-2024 оқу жылына арналған


ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ








                                                                                                               Бірлестік жетекшісі: Жуматаева Ж.




Бақанас 2023 ж.

Мектептің әдістемелік тақырыбы: Мұғалімдердің көшбасшылық құзыреттіліктерін дамытуда педагогикалық ұжымның кәсіби шеберліктерінің өсуіне қолайлы жағдай жасау;   

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: Тілдік дағдыларды дамыту әдістері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Мақсаты: 

            Орыс және ағылшын тілі сабақтарында тілдік дағдыларды дамыту әдістері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша әдістемелік бағыттарды қарастыру, өзара тәжірибе алмасу.  

Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері:

-Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда  әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру; 

-Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру;

-Мұғалімнің өзін-өзі дамыту іс-әрекетін белсендіру;

-Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде оқыту мен оқудағы белсенді әдістерді  тәжірибеге енгізу;

-Әдістемелік көмек көрсету мақсатында мұғалімдердің озық тәжірибесін тарату, мұғалім белсенділігін арттыру көшбасшы мұғалім қалыптастыру; 

-Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу, үйрете жүріп үйрену негізінде кәсіби қоғамдастық жұмыстарын жандандыру;  

-Шығармашылық бастамаларды дамытуға мүмкіндік беру.

МО жұмысының бағыттары:

− Мұғалімдердің біліктілігін арттыру;

− Жаңа педагогикалық технологияларды зерделеу және енгізу;

− Дарынды және үлгерімі төмен балалармен жұмыс;

− Педагогикалық тәжірибені тарату;

− Білім сапасын бақылау

Күтілетін нәтижелер:

− Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

− Жалпы білім беруді жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде білім беру процесін жетілдіру.

 − Педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуға мұғалімдердің қызығушылығын арттыру.




Өткізу уақыты

ӘБ отырысының тақырыптары 

Жауаптылар

Тамыз 

№ 1 отырыс

Тақырыбы: Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі  мұғалімдерінің әдістемелік жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру. 2023-2024 оқу жылына арналған негізгі міндеттерін анықтау.

  1. ӘБ 2022-2023 оқу жылындағы жұмысын талдау. 
  2. Әдістемелік нұсқау хатпен танысу, жаңа оқу жылының жұмыс жоспарына  түзету мен толықтырулар еңгізу. Жоспарды бекіту. 
  3. 2023-2024 оқу жылына ӘБ жұмыс жоспарын қалыптастыру үшін бірлестік мұғалімдердің өзін-өзі дамыту тақырыптарын, мәселелерін     нақтылау


ӘБ жетекшісі

Пән мұғалімдері

Қыркүйек 

№2 отырыс

Тақырыбы: «Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыратын тиімді әдіс - тәсілдер ».

  1. Орыс тілі бойынша 5-10 сынып оқушыларының пәндік жетістіктер деңгейін тексеру  (кіріс бақылауы)


2. Орыс тілі мен әдебиетін оқыту үдерісінде оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру және   дамытудың тиімді әдістері



ӘБ мұғалімдері

 пән мұғалімдері

А.Е.Рыскелдина

Ж.Жуматаева

Г.Корабаева

Қараша

№3 отырыс. 

Тақырыбы: «Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және сапалы білім беруді қамтамасыз етудегі мұғалімдер жұмысының тиімділігі»

1. Ағылшын тілі сабақтарында  сөйлеу, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру

      2. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту үшін кітапханалардың әлеуетін пайдалану.

3.Олимпиадалық резерв тізімін нақтылау және толықтыру, олимпиадаға дайындық

  1. Орыс тілі мен әдебиеті апталығының жоспарын құру және бекіту


ӘБ мұғалімдері

Г. Досымбаева

Н.Жубатырова

М.Жумабекова

Қантар 

№4 отырысы. 1 жартыжылдық қорытындысы:

  1. Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытудың формалары мен әдістері

2. 1 жартыжылдықтың қорытындысын шығару, БЖБ және ТЖБ қорытындыларын талдау

3. Екінші жартыжылдыққа КТЖ түзету.

4. Бірінші жартыжылдықтағы дарынды балалармен жұмысын талдау


Бірлестік ұстаздары

А.Серикбай

Н.Бектемисова


Наурыз 

 №5 отырысы.

Тақырыбы: «ӘБ мұғалімдерінің оқу-тәрбие процесін жақсарту бойынша қызметінің нәтижелері»

  1. 3 тоқсанның қорытындысын шығару.
  2. «Заманауи сабақ – тұлғаны дамыту сабағы».
  3. Қорытынды аттестацияға дайындық кезінде 9 және 11 сынып оқушыларының білім деңгейін талдау.
  4. Оқу үлгерімі төмен, ынтасы төмен оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (тәжірибе алмасу).


Ж.Жуматаева

А. Серікбай

Н.Жубатырова

Мамыр

№6 отырысы. 

Тақырыбы: «Мұғалім жетістігінің көрінісі».

1.ӘБ жылдық жұмысының нәтижелері

2.ӘБ-тің  2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары 


Бірлестік жетекшісі, пән мұғалімдері