Талдау » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2022

Талдау

2020-2021 оқу жылына талдау есебі

            Білім беру талаптарының орындалу қорытындысы 


Оқу тәрбие  үрдісі мектептің негізгі бағыты болып табылады. Бұл ұйымда барлық оқу пәндерінің жүргізілуі, оқушыларды  бағалау, тоқсан  сайын қорыту, жыл соңында емтихан қабылдау сияқты міндетті атқарылатын   жұмыстар жүргізілді. Оқу жылының жоспарын  сақтап, сол жоспар негізінде  жұмыстың жүргізілуі, әрбір мектеп қабырғасындағы  адамдардың міндеті. 2020 -2021 жылғы мектепішілік оқу жоспары жасалғанда, оқушылардың жас ерекшеліктері  мен  пән арасындағы айырмашылық, бағдарламаның негізгі мазмұны қадағаланады. Оқушыға арналған апталық  оқу жүктемесінің деңгейі шектен тыс қолданыста болған жоқ. Апта бойына бекітілген жүктеме сағаттар уақытында жүргізілді. Мемлекеттік оқу бағдарламасы барлық пәндерде сақталып орындалды. Мектептің білім беру бағдарламалары негізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерді қамтамасыз етеді және оқушының   дамуы оқу  барысында жүреді.

Білім беру процесін ұйымдастыру:

  • Мектеп 1 -11 және даярлық сыныптарды оқытады.
  • Оқу қазақ тілінде жүргізіледі.
  • Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Оқу барысында демалыс күндері бар. Күзгі демалыс 7 күн, қысқы демалыс  10 күн, көктемгі демалыс 12 күн. Қосымша демалыс күндері 1 және даярлық сыныптарында ақпан айында болды.
  • Оқу жылы төрт тоқсанға  және екі жартыжылдыққа бөлінген.
  • 1 -11 сыныптарда сабақ бес күндік оқу жүйесімен оқытылады.
  • Жоғары буын оқушылары жаратылыстану –математикалық   және қоғамдық –гуманитарлық бағыт бойынша  оқиды.

         Мектептегі базалық білім мазмұны, білім бағдарламасының түрлері, оқу жүктемесінің көлемі әр сатыдағы оқушылардың міндетті дайындық деңгейі, оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын жалпы талаптарда білім стандарты бойынша белгіленген.








              Білім мен оның дамуы- адамзат өркениетінің өлшемі. Олай болса, білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған  қазіргі кезең – жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. «Ұстаз- келер күннің ұстасы» демекші ұрпағымыздың  ертеңі  қандай адам болып қалыптаспағы – мұғалімнің бүгінгі арқалар жүгі болмақ.  Біздің заман- жаңа заман. Жаңа көзқарас, жасампаз жаңашылдықтың дәуірі. Әрбір сәт үшін болып жатқан  өрелі өзгерістердің  мәні мен маңызы зор.  Бүгінгі таңда технология саласындағы жаңалықтар күн санап емес, сағат сайын жаңаруда. Яғни, бұл бағытта бір сәтке кешігу- ізбе-із өкшелеп келе жатқан бәсекелеске орын беріп, артта қалу деген сөз. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің  өлшемімен таразыланады. Бұл үміт-ұстаз алдындағы міндет те. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі, ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты, дарынды  болмақ.  «Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің, заман жаңалығының жаршысы болуға тиіс»-деп, өзінің барлық саналы ғұмырын  халық ағарту ісіне арнаған, оқытушы, әрі жазушы С.Көбеев айтқандай, білім беру жүйесіндегі барлық өзгерістердің жаршысы ұстаз болып саналады

         Оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандарттарының талаптарын барлық  білім алушылар игеріп, 2020-2021 оқу жылында  мектеп оқушылары  төмендегідей білім сапасын көрсетті. 

   Жылдық  қорытынды бойынша  мектебімізді   531 оқушы аяқтап , 116 оқу озаты, 170  оқу екпіндісі болды. Жылдық білім сапасы  - 60,6 %   болды. 


2020-2021 оқу жылындағы білім сапасы мен оқу үлгерімінің салыстырмалы мониторингі.



Оқу жылы

Оқушы саны

Білім сапасы

Оқу үлгерімі


1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

2020-2021

528

532

534

531

55,6

58

61,2

60

100

100

100

100


Динамика

-

+4

+2

-3

-

+2,4

+3,2

-1,2

-

-

-

-



Сараптама: Оқу жылының басында  мектепке қабылданған оқушы саны 534   болса, соңында  531 болды. Жыл бойына келген оқушы саны  - 15 , кеткен оқушы саны - 18. 


Оқу жылы

Келгені

Кеткені


1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

2020-2021

2

5

8

0

8

1

6

3



Сараптама: Білім сапасы мен оқу үлгерімінің жылдық көрсеткіші бойынша оқушылар саны 3 балаға кеміп, білім сапасы 1 тоқсанда  -  55,6 % , 2 тоқсанда  -  60,7 % , 3 тоқсанда  - 61,2 % , 4 тоқсанда – 60 % , үлгерімі – 100 % болды.

    Білім сапасының жылдық динамикасы: +5,1, +0,5,  -1,2  пайызды құрады.


Динамика: Барлық оқушы саны 1 тоқсанда  - 528/ 277  , 2 тоқсанда   -  532/ 279, 3 тоқсанда  - 534/276, 4 тоқсанда -  531/274

Оқушылар саны оқу жылының басынан 3 оқушыға  кеміді , қыз балалар да  3 оқушыға кеміді.


Сыныптар саны: 1 – 4 сыныптар – 9 сынып  (226/117); 5 – 9 сыныптар – 11 сынып  (260/131);

10 – 11 сыныптар – 4  сынып (46/29).

Жиыны : 24  +2 = 26 сынып комплектісі, оқушы саны: 0 – 11 сынып : 531 + 33 = 564


«Үздіктер» мен «Екпінділердің» білім сапасы мен оқу үлгерімінің мониторингісі


Оқу жылы

Үздіктер

Екпінділер

Қанағаттанарлық


1

тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жыл

дық

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жыл

дық

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жыл

дық

2020-2021

91

95

114

113

116

171

179

176

169

170

209

199

184

190

186

Динамика


-

+4

+19

-1

+3

-

+8

    -3

-7

+1

-

- 10

    -15

+6

    -4




1 – 11 сыныптар бойынша білім сапасы мен оқу үлгерімінің 1 – 4 тоқсандағы мониторингісі



Білім сапасының

Көрсеткіш

тері

Сыныптар


Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


1 тоқсан

Оқушылар саны

57

56

40

70

72

46

46

49

47

25

20

528

«5»

-

25

18

16

14

4

6

1

3

-

4

91

«4»

-

14

9

22

26

19

19

20

19

15

7

171

«3»

-

17

13

32

32

23

21

28

25

10

9

209

«2»

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Үлгерім%

-

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Сапа%

-

69,6

67,5

62,6

55,5

50

54,3

42,8

46,8

60

55

55,6

2 тоқсан

Оқушылар саны

59

57

40

70

73

45

47

49

47

25

20

532

«5»

-

25

14

15

16

5

7

5

4

2

2

95

«4»

-

14

14

26  

25

19

19

20

20

11

11

179

«3»

-

18

12

29                                                                                                                                                                                               

32

21

21

24

23

7

12

199

«2»

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Үлгерім%

-

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Сапа%

-

68,4

70    

58,5

56,1

53,3

55,3

51

51

65

60

58

3 тоқсан

Оқушылар саны

60

57

40

70

73

47

46

49

47

25

20

534

«5»

-

27

17

25

12

6

11

5

5

2

4

114

«4»

-

13

9

16

32

21

16

24

19

14

12

176

«3»

-

17

14

29

29

20

19

20

23

9

4

184

«2»

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Үлгерім%

-

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Сапа%

-

70,1

65

62,8

60,2

57,4

58,6

59,1

51

64

80

61,2

4 тоқсан

Оқушылар саны

59

57

40

70

72

47

45

49

47

25

20

531

«5»

-

27

19

23

   11

8

8

6

5

2

4

113

«4»

-

   14

8

18

29

17

17

21

19

13

13

169

«3»

-

   16

1 3

29

32

22

20

22

23

10

3

190

«2»

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Үлгерім%

-

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Сапа%

-

72

67,5

58,5

55,5

53,1

55,5

55,1

51

60

85

60

Жылдық

Оқушылар саны

59

57

40

70

72

47

45

49

47

25

20

531

«5»

-

27

19

23

   12

8

10

6

5

2

4

116

«4»

-

   14

8

18

31

19

15

21

19

13

12

170

«3»

-

   16

 13

29

29

20

20

22

23

10

4

186

«2»

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Үлгерім%

-

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Сапа%

-

72

67,5

58,5

59,7

57,4

55,5

55,1

51

60

80

60,6


     Қорытынды:Мектептің жылдық жоспарына сәйкес құжаттаманың жүргізілуі жалпы,жеке,жалпы-пәндік,шолу,кешенді бақылау. Тексерілген жұмыстар директор жанындағы отырыста,әдістемелік кеңесте,сынып жетекшілердің отырыстарында  қаралды.

Жылдық талдау бойынша төмен сапа көрсеткен  5 б, 6б,7 а,8 а –сынып оқушыларына сабақ беретін пән мұғалімдерінің жұмыс барысы  әдістемелік бірлестіктерде және педагогикалық  кеңесте, әр тоқсан қорытындысы кезінде қарастырылады. 



Ұсыныс:

1.Оқу жылының соңында сыныптар бойынша сапа көрсеткіштерін төмен көрсеткен сыныптар келесі оқу жылында мектепішілік бақылауға алынсын.

2.Оқушылардың жазғы демалысы кезінде қосымша тапсырмалар беру, пәндік лагерьлерге нашар оқушыларды қамту пән мұғалімдеріне жүктелсін.

3.Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен сөйлесіп,  жазғы демалыс уақытына пән мұғалімдерінен тапсырма алуына ықпал жасау сынып жетекшілеріне міндеттелсін.

          2020-2021 оқу жылында пән мұғалімдеріне оқуға ынтасы жоғары және қиын балалармен жұмыстарын көбейту, білім сапасы мен оқу үлгерімін жоғары дәрежеге жеткізуге өз үлестерін қосу керек. Бұған қоса сабақ жоспарларының да методикалық талаптарға сай болуы және оқу үлгеріміне ерекше мән берулерін сұраймыз.





Педагогикалық кадрлардың аттестатталуы


Әдістемелік жұмыстың  ең маңызды бағыттарының бірі оқытушылардың кәсіби шеберліктерінің деңгейі. Мектепте ол аттестаттау қорытындысымен көрсетіледі.

     2020-2021  оқу жылында   Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш ,негізгі және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын , техникалық және кәсіптік ,орта білімнен кейінгі , қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы » 2018 жылдың 12 сәуірдегі №152 бұйрығы негізінде  жаңа форматтағы аттестаттауға  баратын мұғалімдер біліктілік тестін тапсырады. 

    Осы оқу жылында педагог –зерттеуші санатына  тарих пәні мұғалімі  Қ.С.Жазылбекова  өтініш беріп біліктілік тестін тапсырып оң нәтиже көрсетті.  Педагог –сарапшы санатына  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Б.Оскенбаева, тарих пәні мұғалімі С.қ.Ахатаева, география пәні мұғалімі Айдана Еңсебай  тест тапсырып, қорытындысы бойынша аталған біліктілік санаттарына ие болды.  Педагог – модератор  санатына   өтініш берген математика пәні мұғалімі А.Сұлтанбекова, өзін –өзі тану мұғалімі А.Карибекова  аталған санатқа ие болды. Ал, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Нұржанқызы, бастауыш сынып мұғалімі Мақсұт Айжан  тестің қорытындысы бойынша теріс нәтиже көрсетті.   Жаз мезгілінде осы ұстаздар, сонымен   қоса   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі      М.Турсунова, бастауыш сынып мұғалімі Тұрым Нұргүл өтініш беріп   отыр.

  Қазіргі уақытта мектебімізде 6 педагог –зерттеуші,     педагог –сарапшы ,    педагог – модератор  санатындағы ұстаздар жұмыс атқаруда. Мұғалімдердің біліктілік деңгейлерінің өсу динамикасы қанағаттанарлық  екені байқалады. Алдағы міндет –жас мұғалімдердің кәсіби деңгейін шыңдау жұмыстарын   келесі  оқу жылында жалғастыру қажет және педагогикалық  жұмыстарында нәтижесі бар педагогтардың аттестаттаудан өту деңгейлерін жоғарылату бойынша жұмыс жүргізу керек.


Үйден оқыту бойынша мектебімізде  облыстық   психологиялық – медициналық – педагогикалық  кеңестің тұжырымдарына сәйкес  4 оқушы  үйден оқытылады . Олар: 1 «б» сынып оқушысы  Қыстаухан Дияр,  3 «б» сыныбының оқушысы  Әділжан Әлихан , 5  «ә» сынып оқушысы  Нарманбет Ақнұр, 5  «б»   сынып оқушысы Қуантай  Алтынбек. Әр оқушының құжаттары жинақталды. 

      Осы оқушыларға сабақ беретін   барлық пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, сабақ жоспарлары түгел, пән мұғалімдерінің сабақ материалын оқушының қабылдауы туралы жүргізілетін күнделіктері де ата-аналармен келісілген. 

          Мектеп психологтары, дефектолог, логопед  тарапынан үйден оқытылатын балалармен тренингтер, сауалнамалар жүргізіліп, зерттеу-диагностика жұмысы атқарылып отырды.