Оқушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру бойынша хабарлама » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру бойынша хабарлама
03
май
2023

Оқушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру бойынша хабарлама

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша оқушыларға ыстық тамақ  беруді ұйымдастыру бойынша


Хабарлама

         Мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын, «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 2 қыркүйек  №131-н   бұйрығын басшылыққа ала отырып мектепішілк бұйрық шығарылып, қаңтар айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 128-ді құрады.Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес құжаттар жинақталып, журналға толтырылды.

Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 85 болса, 5-9-10 сынып оқушыларының саны 43 құрайды.

Аз қамтылған отбасынан  (АӘК) 34- оқушы;

Күн көріс деңгейі төмен отбасы – 33 оқушы;

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған – 2 оқушы;

Көпбалалы отбасынан – 37оқушы;

Ерекше білімді қажет ететін – 5 оқушы;

Толық емес отбасынан шыққан –17 оқушы.

Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 2 уақытта ұйымдастырылды. Мысалы:

І ауысым

1-3 сынып оқушылар үшін – 09.35 – 09.45

2-3-8-9-10 сынып оқушылары үшін – 10.30 – 10.35

ІІ ауысым

2-4 сынып оқушылары үшін – 15.35 – 15.45

5-7 сынып оқушылары үшін – 16.30 – 16.35.

             Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы  әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырады. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың  алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама   жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.)   бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі.

Оқушыларды түгендеу арнайы журналға тіркеліп отырады.  Асханаға алып бару,асхана ішіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету  үшін  сынып жетекшілерден кезекшілік кестесі құрылды.


Әлеуметтік педагог:           Кошимова С.Е