«МДШО бар, М. Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ Химия, биология, география пәндер бірлестігінің І жарты жылдық атқарған жұмыстарының есебі. 2021-2022 оқу жылы » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «МДШО бар, М. Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ Химия, биология, география пәндер бірлестігінің І жарты жылдық атқарған жұмыстарының есебі. 2021-2022 оқу жылы
11
апрель
2022

«МДШО бар, М. Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ Химия, биология, география пәндер бірлестігінің І жарты жылдық атқарған жұмыстарының есебі. 2021-2022 оқу жылы

«МДШО бар, М. Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ

Химия, биология, география пәндер бірлестігінің І жарты жылдық атқарған жұмыстарының есебі.

2021-2022 оқу жылы

  2021-2022ж оқу жылына химия, биология, география пән мұғалімдері мақсат, міндетті құрылып, бірлестіктік тақырыбы мен жұмыс жоспарын құрастырды. Сонымен қатар бірлестік мүшелері өздері тиесілі міндеттерін алды. 2021-2022ж. оқу жылында ҚР-ң білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы нұсқаулыққа жане ҚР-сы Білім жане ғылым министірінің 2021 жылғы 16-қыркүйектегі №472 бұйрығын басшылыққа  ала отырып, бірінші тоқсанда бірлестік мүшелері бірқатар шараларға қатысты. 

    11.09.2021ж.  күні «ХБГ» бірлестігінің отырысы болып, бірлестік  мүшелері жаңа оқу жылына жасалған жоспарды талқылаған болатын. Жоспарланып отырған іс-шараларды ескере отырып, бірқатар жетістіктерге қол жеткізген болатын.

ҚР-сы Білім жане ғылым министрінің 2021жылғы №472 бұйрығын қайта қарап, білім жүйесіне қатысты ережелер қайта   талқыланды. Қажетті құжаттардың рәсімделу жолдарын, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының орындалу тәртібімен таныстырылды. Бірлестік мүшелерінің   жүктеме сағаттары жеткілікті. Бірлестік мүшелері офлайн  режимінде өздеріне жүктелген сабақтарын жүйелі түрде жүргізе отырып, оқушылардың білім алуына елеулі үлес қосуда. Жоспар бойынша өз білімдерін жетілдіру мақсатында пән мұғалімдері  курстарға қатысып  отырды. Сондай-ақ география пәнінің мұғалімі А. Е. Еңсебай, ұстаздарға арналған «Оқыту мен оқу» деңгейлік курсын оқып, тиімді тәжірбиеден өтіп, 9 сыныпқа «Минералды ресурстардың игеру проблемаларын топтастырып, өз ұсыныстарын ұсынады» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, іс тәжірбиесімен бөлісті. Әріптестер тарапынан бағаланып, кері байланыс ұсыныстарын айта айтты. 

      «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы сертификат 11.09.2021ж  №070460 Пиязбаева А, Какешова А ,Бұлыбаева Н, І сертификатталды. География пәнінің мұғалімі Енсебай А.Е «География пән мұғалімдерінің құзіреттілігін дамыту» тақырыбында 72 сағаттық курсты оқып, сертификатталды. 

   Оқушылардың зерттеу дағдыларына ықпал ету мақсатында, аудандық «Дарын» ғылыми жоба байқауында биология пәні бойынша 8 «А» сынып оқушысы Нұрлыбек Көркем III орынға иеленді,пән мұғалімі Пиязбаева А.Б. Химия пәнінен  9 сынып оқушысы Ратбек Айғанымды қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. 

      «Үш тілділік» бойынша биология пәнінің мұғалімі Какешова А, 8 «Б» сыныпқа «Қан жасушалары» тақырыбында ашық сабақ беріп, бейне жазбаға түсіріліп, облысқа жолданды. 


8 «Б» сынып «Қан жасушалары» ашық сабақтан көрініс,пән мұғалімі Какешова  А


    Жоспарланған жоспар бойынша бірлестік мүшелерінің тәжірбие алмасу мақсатында, өзара сабаққа қатысу бойынша ашық сабақтар өткізілді. Биология пәнінің мұғалімі Пиязбаева Анар Бейсенқұлқызы «Blood cells» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылардың оқуын қалай   бағалауға болады, мұғаліммен оқушы арасында, оқушылардың өзара бір-бірімен кері байланысты қалай орнатуға болатындығы жайында көрініс тауып, мұғалімдер  жақсы деген баға берді.


«Blood cells» тақырыбында ашық сабақ, пән мұғалімі Пиязбаева А

      Сондай- ақ география пәнінің мұғалімі Сихымбаева Г. С 7 сынып оқушыларымен «Гидросфера және оның құрамдас бөліктері» тақырыбында үлгілі сабақ ұсынды. Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай тапсырмалар, дарынды және талантты оқушыларға ұсынылған жұптық жұмыс, сыныпта сабаққа қатыспай отырған оқушыларды бірден аңғарып,оларға жекелей тапсырмалар ұсынды. Ұстаздар тарабына екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша кері байланыс берілді.

     Сонымен қатар жоспарланған жоспар бойынша мектепішілік пән олимпиадасы ұйымдастырды. Химия, биология, география пәндері бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында, I, II кезеңдер бойынша өтілді. Олимпиада тапсырмалары талапқа сай жасалып, оқушыларға ұсынылып, балл көрсеткіші бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар аудандық пән олимпиадасына жолдама алды.  Биология пәні бойынша Таңат Айару 9 сынып, пән мұғалімі Какешова А, Т. География пәні бойынша 9 сынып Әсембай Бақытбек, 10 сынып Серік Толғанай, 11 сынып Нүсіп Еркежандар жолдамаға иеленді. 

    Желтоқсан айында 11  сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау туралы, 9  сынып оқушыларын ОЖСБға дайындық жұмысы, сынама тестілеу қорытынды туралы отырыс өтілді. Жиналыс барысында биология, химия, география пәндері бойынша айтылды, аталған пәндер бойынша оқушылардың дайындығы туралы, мұғалімдердің оқушыларға дайындық барысындағы жоспарлан жоспар бойынша жұмыстың жүргізілуі туралы жекелей пән мұғалімдері айтып, талқылап өтті. 

     Жаратыластану пән мұғалімдері арасында «Белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өтілді,  коучте жаратылыстану пәндері бойынша тиімді әдіс- тәсілдерді қалай қолдануға, қай тапсырмада қай әдіс тиімдірек болар еді сұрақтарын жауап іздеп, қорытындыладық, жетекші Какешова А. Сонымен қатар аптаның екінші күнінде «Логика қайда» коуч-тренингі өтілді, оқушылардың ой өрісін дамытуда, сабақ кезінде логикалық тапсырмалар ұсынудың тиімді жолдары айтылып, талқыланды.

   Әр тоқсанда бақылау жұмыстары, сарамандық, зертханалық жұмыстар жоспар бойынша алынып отырды.Әр тоқсанның соғында  сыныптардан  БЖБ мен ТЖБ жұмыстары алынып, бағалары қойылып, әр сынып бойынша талдау жұмыстары жасалынды.  





Бірлестік жетекшісі;                                               Енсебай А. Е