Әлеуметтік педагогтың жұмыс есебі » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2022

Әлеуметтік педагогтың жұмыс есебі

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»

 мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың I жарты жылдық бойынша атқарған жұмысының есебі.


Мектепте тамыз айының бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.

2021-2022 оқу  жылына  арналған жұмыс жоспарын дайындалып, бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.

Қыркүйек айында  мектеп оқушыларының әлеуметтік төлқұжаттары сынып жетешілермен бірігіп жасалынды.

Мектепке жол акция барысында 15 балаға жалпыға бірдей білім беру қорынан әр бір балаға куртка, сумка және оқу құралдары  берілді.

2021 жылдың 2 қыркүйегінен 1-9 сынып аралығында көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы 64 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  Ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі жасалып , бекітілді. Оқушылардың күнделікті тамақ ішуін мектеп медбикесі Ахунжонова және әлеуметтік педагог С.Е.Кошимова бақылап отырды. Оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі жағдайына қарай тізімін жасалды. Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім және қамқорлыққа алынған балалардың әлеуметтік төлқұжатты жасалды. Мектеп бойынша баланың жалпы саны -566. Көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 190 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 64 бала, жартылай жетім оқушылар саны   бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалңағ   оқушы саны 1 бала, толық қамтылған отбасыдан шыққан бала саны 194.

Қазан айында 5-11 сынып аралығында мектеп психологы және әлеуметтік педагог оқушылардан  «Мектептегі буллинг» тақырыбында сауалнама жүргізді.Жүргізілген зерртеу жұмыстарының нәтижесі бойынша түзету жұмыстары ұйымдастырылды.

Оқушылармен зиянды әдеттерді алдын алу бойынша мектебіміздің психологы Г.А.Қорабаева, мед.бикесі Г.Ахунжонова, әлеуметтік педагогы С.Е.Кошимова бірігіп медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

29 қазан Қамқоршылар күні.Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, патронаттық тәрбиедегі балаларға, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.Мектебіміздегі бір қамқоршы оқушыға көңіл бөлу мақсатында «Балаға мейірім сыйла» атты 7,9 сыныптарға тренинг сабақ өтілді.

Мектебімізде 2021 жылы «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша айлық өткізілді. Акцияны өткізу барысында іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау, сондай-ақ материалдық көмекке мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, жетім және жартылай жетім, қамқорлыққа алынған балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.

Акция өткізу барысында жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды, сондай-ақ материалдық көмек көрсетуге мұқтаж және әлеуметтік себептер бойынша сабаққа келмей жүрген балаларды анықтау үшін рейдтер жүргізілді. Рейд нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж отбасы балаларының тізімдері жасалды. Мектеп ұжымы тарапынан толық 8 оқушы мектебіміздің ұжымы тарапынан оқу – құралдарымен қамтылды. 3 оқушы ИП «Дос» дүкені демеушілік етіп 3 оқушыны оқу-құралдарымен қамтамасыз етті. Айлық іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге мектептің әлеуметтік педагогі мен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, барлық сынып жетекшілері қатыстырылды. Акция барысында мектебімізде жоспарға сәйкес іс-шаралар жүргізілді. 

Желтоқсан айында 8-11 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен тренинг ұйымдастырылды.

Мектебіміздің аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасы балалары асхана жалгері ұйымдастыруымен 50 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтармен қамтыды.

         Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушымызды  қамқоршылық кеңесінің мүшелері ұйымдастыруымен спорттық киім және жаңа жылдық сыйлықпен қамтамасыз етті.

Қамқорлыққа алынған баланың тұрмыс жағдайын мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары М.Е.Жанкетаев , психолог Г.А.Қорабаева, әлеуметтік педагог С.Е.Кошимова және сынып жетекшісімен бірге тұрғын үй жағдайы зерттелді.

         Жасөспірімдердің арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу бағытында  ата­ аналармен  байланыс  жасай отырып, күн сайын оқушыларға тәлім ­ тәрбие  беріліп  келеді. 



 
 

                            Әлеуметтік педагог:             С.Е.Кошимова