«Ұлы даланың тарихи тұлғалары» » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2022

«Ұлы даланың тарихи тұлғалары»

«Ұлы даланың тарихи тұлғалары» 

Түсінік хат.

Бағдарлама мемлекеттік білім стандарты негізделіп, Қазақстан тарихы пәнін оқыту бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жазылды.

         «Ұлы даланың тарихи тұлғалары» атты   қолданбалы курс бағдарламасын жазудағы басты мақсат 11-сынып аралығындағы оқушылардың тарихи танымдарын ел тарихындағы әйгілі тұлғалар туралы білімдерін тереңдете түсу мақсатында, қосымша деректер мен көркем шығармаларға бағыт-бағдар беруде қоғамның саяси –әлеуметтік, мәдени, рухани ахуалын жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы толықтыру.

        Мемлекеттің жылдам дамуы оның азаматтарының белсенді көмегінсіз мүмкін емес. Ол тарих сабақтарын кең түрде, терең түсінуден ғана туады. Өйткені бүгінгі болашақ тек өткеннің негізінде қаланады. Қазақстан тарихын оқып – үйренуге айрықша ынта білдірген оқушылардың талап-тілегін қанағаттандыра отырып, Отан тарихынан жан-жақты әрі тереңірек білім луына мүмкіндік жасау.

        ХХ ғасыр басы қазақ даласына ұлт қамын ойлаған қайраткерлер шоғырын, демократиялық идеасының айнасы ретінде қазақтың ұлттық саяси элитасын, яғни, зиялы қауымды өмірге әкелді. Ғасыр басындағы қазақтың зиялы қауымы дәрігерлерден, заңгерлерден, инженер, ақын – жазушылардан құрылып, қазақ ғылымының пайда болып, қалыптасып гүлденуі жолында қызмет жасап, мәдениет саласының  жаңа бағытта дамуына үлес қосты. Қазақ зиялыларының ортақ мақсаты – саяси күрес, яғни халықты қараңғылықтан алып шығу, отарлық езгіні жою болып табылады. Бұдан алып шығудың бір ғана жолы ол – ағарту, білім беру арқылы халықтың санасын ояту деп білді.

         Алаштың атымен ұлы іс бастаған тұлғалардың қай-қайсысы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі – олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзентік парызымзды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ.  Қазақ зиялыларының  құнды ғылыми мұраларын зерттеу, талдау және тарих пәні мұғалімдерінің алдында тұрған – үлкен міндеттердің бірі.


Курс бағдарламасының негізгі мақсаты:


  • Тарихи оқиғалардың хронологиялық ерекшеліктері мен «Ұлы даланың тарихи тұлғалардың»  қызметін тереңірек  меңгерту.
  • Сабақ барысында оқушыларға құжаттарды оқыту арқылы өз елінің тарихын жете түсінуге, өзіндік баға беруге үйрету.
  • Шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу, әртүрлі әдебиеттерді пайда отырып баяндамалар, рефераттар, ғылыми жобалар жасуға дағдыландыру.
  • Оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақтытталдап, өз ой-пікірін ашық айта білуге дағдыландыру.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:


  • Деректік материалдарымен жұмыс жасуды тереңдетіп меңгерту
  • Оқушылардың тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру.
  • Өзіндік  ізденіске, шығармашылыққа баулу және жетелеу.
  • Өз елінің тарихын терең білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Ұлт зиялыларының қызметін, өмірін оқушыларға дәріптей отырып, оларды  отансүйгіш, ұлтжанды, өз елінің тарихын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.









                                                                        Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Барлығы -34 сағат, аптасына –  1 сағат.

р/с

Тақырыбы 

Сағат саны 

Мерзімі

Ескерту

1

Қазақ елінің алғашқы хандары Керей мен Жәнібек хандар

1

6.09


2

Қасым хан (1445-1521жж)

1

13.09


3

Есім хан (1598-1628жж)

1

20.09 


4

Тәуке хан (1680-1715жж)

1

27.09


5

Әбілқайыр хан (1693-1748жж)

1

4.10


6

Абылай хан (1771-1781жж)

1

11.10


7

Кенесары хан (1802-1847жж)

1

18.10


8

Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950жж)

1

25.10


9

Жүсіп Баласағұн (1017(1012)-1075жж)

1

8.11


10

Махмұт Қашқари (1029-1101жж)

1

15.11


11

Қожа Ахмет Йассауи (1093-1166жж)

1

22.11


12

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж)

1

29.11


13

Қадырғали Жалайыри (1530-1605жж)

1

6.12


14

Ахмет Йүгінеки /ХІІ соңы –ХІІІғ.басы)

1

13.12


15

Әлихан Бөкейханов (1866-1937жж)

1

20.12


16

Ахмет Бйтұрсынұлы (1872-1937жж)

1

27.12


17

Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937жж)

1

17.01


18

Міржақып Дулатұлы (1885-1935жж)

1

24.01


19

Санжар Асфендияров (1889-1938жж)

1

31.01


20

Мұстафа Шоқай (1890-1941жж)

1

7.02


21

Ілияс Жансүгіров (1894-1938жж)

1

14.02


22

Сәкен Сейфуллин (1894-1939жж)

1

21.02


23

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835-1865жж)

1

28.02


24

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж)

1

5.03


25

Абай Құнанбаев (1845-1904жж)

1

14.03


26

Әлкей Хаканұлы Марғұлан (1904-1985жж)

1

4.04


27

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (1915-1966жж)

1

11.04


28

Бөгенбай, Қабанбай батырлар

1

18.04


29

Наурызбай Райымбек батырлар

1

18.04


30

Малайсары, Баян батырлар

1

25.04


31

Ж.Ш.Шаяхметов (1902-1966жж)

1

2.05


32

Д.А.Қонаев (1912-1993жж)

1

10.05


33

Н.Ә.Назарбаев 

1

16.05


34

Тарихтағы тұлғалар (өзіндік жұмыстарды қорғау)

1

23.05