«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт) » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт)
18
апрель
2022

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт)

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған 

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, 

жаратылыстану-математикалық бағыт)


1-тарау. Жалпы ережелер


1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).

2. Ұсынылып отырған пән Қазақстан Республикасының Президенті жолдауындағы Қазақстанның модернизациясы аясында және алға тартылған басымдықтардың бірі - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге сәйкес Қазақстан Республикасының мектептеріне арналып әзірленді.

3. Пәнді оқытудың мақсаты кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша оқушыларға базалық білімдер беру; өз таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету, кәсіпкерлік ойлау жүйесі мен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптасыру; қазіргі заманғы нарықтық жағдайда болашақтағы дербес әрекетіне қажетті дағдылардың практикалық базасын қалыптастыру болып табылады.

4. Оқыту міндеттері:

1) оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін   қалыптастыру;

2) оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;

3) оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

4) оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;

5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;

6) бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;

7) зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.

5. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:

1) пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;

2) оқытудың интерактивті және топтық ойын әдістемесі мен технологиясына, оқу үдерісіне оқушыларды белсенді араластыру жолдарына сүйене отырып оқу процесін құру;

3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер мен жаппай кәсіпкерліктің (өмір сүру стилі ретіндегі кәсіпкерлік) даму үрдістері тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру;

4) оқушының өмірлік саналы ұстанымдарын және өз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;

5) практикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған тренингтік форматты қолдану, сонымен бірге үдерісті ойындар (ағылш. gamification) пайдалану арқылы алғашқы тәжірибені қалыптастыру.

6) синергетикалық әсер алу мақсатымен пәнді өңіраралық деңгейде меңгертудегі өзара әрекеттестік аясында ақпарат алмасу үшін "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" курсы бойынша мектеп оқушыларының арнайы ресурсында ғаламтор-қауымдастық құру. Осы on-line порталы арқылы электрондық кітапхана базасы мен жұмыс материалдарының базасын, вебинар және қонақ алаңдарын, олимпиада, байқау және т.б. іс-шаралар алаңдарын құру, стартаптар мен инвесторлар арасындағы қарым-қатынас алаңдарын қалыптастыру;

7) пәнді практикалық және әдіснамалық тұрғыдан барынша тиімді толықтыру мен қамтамасыз етуге септігін тигізетін инфрақұрылым жасау:

- Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік білім беру ассоциациясына мүше Қазақстанның кәсіпкерлік ЖОО-ы;

- «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

- «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры;

8) білім беру процесін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы дағдыларды дамытуға бағытталған үдерісті автоматты симуляциялайтын арнайы онлайн және офлайн ойындар арқылы қолдау.

9) клиентке бағытталуды дамыту үшін ойлау-дизайны қағидаларын қолдану.


2-тарау. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


6. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

1) 10-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

2) 11-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 10 «Б» сыныбы

Аптасына: 2 сағат, барлығы: 68 сағат


№ р/с

Бөлім

Сабақтардың тақырыбы

Оқудың мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі 

Ескерту

І тоқсан. 


 
 

1
 
 

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

1.1 Кәсіпкерлікке кіріспе

10.1.1.1 «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерін түсінеді; 

10.1.1.2  кәсіпкерліктің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсінеді

1
 
 

2.09
 
 


 
 


 2

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік
 
 

1.2 Қазақстан экономикасына тарихи экскурс

10.1.2.1  Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі;

10.1.2.2 экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді; 

10.1.2.3 микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

3
 
 

6,9,13.09
 
 


 
 

3

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

1.3 Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастамашылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу

10.1.3.1  кәсіпкерлікті жеке мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады;

10.1.3.2  кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалайды;

10.1.3.3  бизнес-идеяны қалыптастыру құралын қолданады

3

16,20,23.09


4

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

1.4 Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар

10.1.4.1 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі;

10.1.4.2 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді

3

27,30.09

4.10


5

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

1.5 Нарықтың қызмет ету механизмі

10.1.5.1  сұраныс пен ұсыныс заңдарын түсінеді;

10.1.5.2  сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды біледі

3

7,11,14.10


6

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

1.6 Нарықтық тепе-теңдік

10.1.6.1 нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы, артықшылық пен тапшылықты біледі;

10.1.6.2 негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың бейімделу үрдісі ретінде сұраныс пен ұсыныс икемділігін түсінеді 

3

18,21,25.10



 7

Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

2.1 Бизнес неден басталады?

10.2.1.1  экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлікті талдайды;

10.2.1.2 заманауи жағдайларда кәсіпкерліктің даму факторларын біледі  

1

28.10


ІІ тоқсан


 
 

8
 
 

Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

2.2 Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

10.2.2.1 кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата біледі;

10.2.2.2  мемлекет экономикасындағы, соның ішінде Қазақстандағы шағын және орта бизнестің рөлін түсінеді; 

10.2.2.3 кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын ажырата біледі

3

8,11,15.11
 
 


 
 

9

Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

2.3 Стартап мәдениет

10.2.3.1 стартап түсінігін суреттейді;

10.2.3.2 стартап пен жұмыс істеп тұрған бизнестің айырмашылығын біледі.

3

18,22,25.11


10

Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

2.4 Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер (әлемдік, аймақтық және жастардың)

10.2.4.1 Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін түсінеді;

10.2.4.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің заманауи тенденцияларын танып біледі; 

10.2.4.3  кәсіпкерліктің трендтерінің болашақ кезеңдеріндегі болжамын талдайды

3

29.11

2,6.12


11

Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

2.5 Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы

10.2.5.1 баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік мысалдарын сипаттайды;

10.2.5.2 бәсекелестік стратегиясы мен бәсекелестер түрлерін сипаттайды;

10.2.5.3  баға бойынша және бағалық емес бәсекені қолданудың тиімділігін бағалауды жасайды

3

9,13,13.12


12

Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

2.6 Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні

10.2.6.1 экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәнін түсінеді;

10.2.6.2   бағаны қалыптастырудың құрылымын сипаттайды;

10.2.6.3 баға саясатының мәнін түсінеді;

10.2.6.4  баға стратегияларын ажыратады

3

20,23,27.12


 ІІІ тоқсан


 
 

13
 
 

Әрекеттегі маркетинг

3.1 Маркетингіге кіріспе

10.3.1.1маркетинг және оның қызметін түсіндіреді;

10.3.1.2  өнім мен кәсіпорынның маркетингілік стратегиясын ажыратады.

1


 20.01


14

Әрекеттегі маркетинг

3.2 Маркетинг-микс

10.3.2.1  4P, 4C, маркетинг-микс құрамын түсінеді;

10.3.2.2   4P, 4C, қолдану форматын ажыратады.

1

24.01


15
 
 

Әрекеттегі маркетинг

3.3 Кабинеттік және далалық зерттеулер

10.3.3.1   кабинеттік және далалық зерттеулердің айырмашылығын біледі;

10.3.3.2 кабинеттік және далалық зерттеу әдістемесін қолданады. 

3

27,31.01

3.02
 
 


16

Әрекеттегі маркетинг


3.4 SWOT- талдау

10.3.4.1  SWOT талдаудың тағайындалуын түсіну;

10.3.4.2  зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолданады.

2

7,10.02


17

Әрекеттегі маркетинг


3.5 Мақсатты аудитория, сегменттеу

10.3.5.1  тұтынушыны сегменттеудің мәні мен қағидаларын түсінеді;

10.3.5.2  белгілі бір мақсатты аудиториялардың қажеттіліктерін анықтайды.

2

14,17.02


18

Әрекеттегі маркетинг


3.6 Бренд

10.3.6.1 брендтің негізгі құраушыларын біледі;

10.3.6.2 брендінің сипаттамалық және шығармашылық жағын ажыратады;

10.3.6.3 брендінің платформасын сипаттау үшін дағдыларды қолданады

3

21,24,28.02


19

Әрекеттегі маркетинг


3.7 Маркетингілік коммуникациялар

10.3.7.1  ATL, BTL маркетингілік коммуникациялар кешенін ажыратады;

10.3.7.2 ATL, BTL арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады.

4

3,10,10,14.03


20

Әрекеттегі маркетинг


3.8 Онлайн маркетингілік коммуникациялар

10.3.8.1  сандық маркетингтің мәнін түсінеді;

10.3.8.2  сандық маркетинг арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады

4

17,31.03

4,4.04


ІV тоқсан


 
 

21
 
 

Ойлау дизайны
 
 

4.1 Ойлау дизайнына кіріспе

10.4.1.1  ойлау дизайнының мәнін түсінеді; 

10.4.1.2 ойлау-дизайны қай жерде қолдануға болатынын түсінеді; 

10.4.1.3 ойлау-дизайны тәсілдерін бизнес-идеяларды іздестіру мен бизнес-үрдістерді ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдерімен салыстырғандағы артықшылықтарын салыстыру. 

2

7,11.04
 
 


22
 
 

Ойлау дизайны
 
 

4.2 Эмпатия

10.4.2.1 жобаға тікелей немесе жанама әсер ететін тұтынушылар тобын анықтай біледі; 

10.4.2.2 эмпатия қағидаларын түсінеді және тәжірибеде қолдана біледі; 

10.4.2.3 сұхбат жасай білу және ондағы сұрақтар кезектілігін дұрыс ұйымдастыра алады. 

3

14,18,18.04
 
 


23



Ойлау дизайны

4.3 Талдау және синтез

10.4.3.1 мәселені дұрыс айқындап және сипаттай біледі; 

10.4.3.2 сұхбаттан алынған ең маңызды тұжырымдарды анықтайды; 

10.4.3.3 ақпараттың маңызды сәттерін бөледі және оларды ары қарай қолдану үшін тиімді рәсімдей алады; 

10.4.3.4 сұхбат кезінде алынған ақпаратты топтайды. 

3

21,25,25.04


24

Ойлау дизайны

4.4 Идея ойлап табу

10.4.4.1 брейнсторминг қағидалары мен қажеттілігін түсінеді; 

10.4.4.2 брейнстормингті жүргізу ережелері мен оларды сақтап, орындай алуды біледі; 

10.4.4.3 брейнсторминг кезеңдерін білу және кезеңдерін сақтап, айтылған идеяларды жүйелеу және солардың ішінен ең жақсысын таңдайды   

3

28.04

2,5.05


25

Ойлау дизайны

4.5 Прототип жасау

10.4.5.1 прототип жасауды түсінеді және қағидаларын түсіндіреді; 

10.4.5.2 прототип жасаудың негізгі әдістерін біледі және қолдана алуды үйренеді 

2

10,12.05


26

Ойлау дизайны

4.6 Тестілеу

10.4.6.1 адамға бағытталған дизайн үшін тестілеудің маңызын түсінеді; 

10.4.6.2 шешім қабылдау кезінде кері байланыстың маңызын және эмпатияны тереңірек дамыту мүмкіндігін түсінеді; 

10.4.6.3 тәжірибеде алынған идеяларды қолдану мүмкіндігін бағалайды 

2

16,19.05


27

Ойлау дизайны

4.7 Сторителлинг

10.4.7.1 жасалынған жұмыс үрдісін сипаттау үшін сторителлинг қағидаларын түсінеді; 

10.4.7.2  ойлау-дизайнымен жұмыс жасау кезінде алынған барлық білімдерді талдау, тұжырымдар жасау және болашақта берілген қағидаларды қолдана алатындығын дәлелдеу

1

23.05



Барлығы



68