«МДШО бар М.Сеңгірбаев ат.орта мектеп»МКМ-нің 11«А»-сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханын тапсыру ережесімен таныстыруға арналған жиналыс ХАТТАМАСЫ » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «МДШО бар М.Сеңгірбаев ат.орта мектеп»МКМ-нің 11«А»-сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханын тапсыру ережесімен таныстыруға арналған жиналыс ХАТТАМАСЫ
20
апрель
2022

«МДШО бар М.Сеңгірбаев ат.орта мектеп»МКМ-нің 11«А»-сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханын тапсыру ережесімен таныстыруға арналған жиналыс ХАТТАМАСЫ


«МДШО бар М.Сеңгірбаев ат.орта мектеп»МКМ-нің

11«А»-сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханын тапсыру ережесімен таныстыруға арналған жиналыс 

 ХАТТАМАСЫ

Күн тәртібі:


1-мәселе бойынша:

  Қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы   № 373 бұйрығына сәйкес жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушылары мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезінде 11-сыныптар 5 емтихан тапсырады. Бұл емтихандардың мерзімі 10 маусымда аяқталады. Одан кейін мектеп бітірушілерге орта білімді аяқтағандары жөніндегі аттестаттары беріледі. 


Пәндер

Емтихан формасы

Уақыты

Мерзімі 

                                           Міндетті


1

Қазақ тілі 

жазбаша (эссе)

3 сағат


2

Алгебра және анализ бастамалары

жазбаша емтихан (бақылау жұмысы)

5 сағат


3

Қазақстан тарихы

тестілеу

80 минут


4

Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі

тестілеу

80 минут



Емтихандар жайлы қысқаша мәлімет берілді:

  1. Қазақ тілі. Эссе жазу үшін ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
  2. Алгебра және анализ бастамалары. Бақылау жұмысы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 5 тапсырмадан, жаратылыстану-математикалық бағыт пен физика-математикалық бағыттағы арнайы мектептер үшін 6 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін тексеруге арналған.
  3. Қазақстан тарихы. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.
  4. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі. Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады: Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін), Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);

11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) дайындайды.

Сынып шетекшісі: Мемлекеттік бітіру емтиханына BILIMLEND платформасындағы iTest бөлімі арқылы дайындалуларына болады. Себебі, онда «Қорытынды аттестаттау» бөлімінде пән бойынша барлық тақырыптарға конспект тест тапсырмаларымен берілген. Конспект арқылы алған білімдерін естеріңе түсіріп, толықтырып тест тапсыру арқылы өз білімдерінді   бірден сараптай аласыңдар. Қателескен сұрақтарыңа түсініктеме берілген.  Ө збетімен жұмыс істеп, білімдеріңді дамытуға және өз білім деңгейлеріңді бақылап отыруға өте тиімді платформа


Шешімі: 

  1. BILIMLEND платформасындағы iTest бөлімі арқылы мемлекеттік бітіру емтиханына дайындалу, пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болып, кеңес алып тұру. 



                                    Сынып жетекшісі:                          Жуматаева Ж.К