Бірлестік есептері » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2022

Бірлестік есептері

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ

Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих  пән бірлестігінің

2021-2022 оқу жылына арналған І жарты жылдық бойынша есебі


Тамыз айының соңғы күндерінде қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пән бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Сонымен қатар,   күнтізбелік жоспарларлар бекітуге жіберілді. 

 2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында: 

  • білім     алушының артта қалу  себептерін, оның оқу   жетістіктерінің деңгейін және біліміндегі олқылықтарды анықтау;
  • жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
  • жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу;
  • жүйелі кері байланысты ұйымдастыру ұсынылады.

Жеке пәндер бойынша өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жоспары құрылды. Мақсаты: 1.Білім сапасындағы олқылықтарды жою және толықтыру. 2.Білім алушыларда туындаған қиындықтарды анықтау. Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша 2021 ж. 10-16.09.2021   қыркүйек аралығында  5- 11 сынып  оқушыларынан  алынған нөлдік срез жұмыстары алынды. Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттары анықталып, жұмыс жүргізілді.

 Қыркүйек айында  2021-2022 оқу жылына БЖБ және ТЖБ кестелері құрылды. Мақсаты БЖБ және ТЖБ кестесін   талдау білім алушылардың білім деңгейлерін жоғары, орта, төмен деңгейлерін анықтау. тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесін анықтау,тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтардың себептерін білу.

Бірлестік  алғашқы жұмысын  22- қыркүйек Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты  іс-шара өтті.  Бұл іс-шараға 5- 11 сынып оқушылары қатысты. 22-қыркүйек күні іс-шараның  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Мұратұлы тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де, тұрақты болып өрістеп дамуына үлес қосу  жас жеткіншектердің  жауапкершілігінде  болатынын айтып, Қазақстан Республикасы халқының тілдер күнімен құттықтады.

 


Мектеп кітапханашысы А.Есболатқызы «Тіл- елімнің ертеңі» атты көрме ұйымдастырып, оқушыларды кітап оқуға, тілге деген құрметін арттырды. Оқушылар тілге деген сүйіспеншіліктерін ән мен жырмен жеткізді. 


 Іс-шараның басты мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз  ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Сонымен қатар қазан айының басында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың дара ұстазы» атты Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған   іс-шара өткізілді. Айтулы датаға орай, «Ұлы даланың дара ұстазы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің бірлестігінің ұйымдастыруымен мектепшілік онкүндік өткізілді. Осы жоспар аясында және «Ұлт ұстазы» «Даланың дара ұстазы» деп аса құрметке бөленген Ы.Алтынсаринның мерейтойына орай «Кел балалар, оқылық» тақырыбында газет жариялау қолға алынды . Мұнда оқушылар Ұлы тұлғаға деген өзінің сүйіспеншілігін, оның еңбектерінің мәңгілік өшпес ізі, қалдырған өсиет-әңгімелерінен интерпритация келтірді. Олар Ыбырайдың «Жамандықтан жиреніп, жақсылыққа ұмтылу» тәрбиесін алға тұтты.


Сонымен қатар апта бойына 9- 11 сыныптар аралығында «Ұлы даланың дара ұстазы» атты тақырыпта эссе байқауы ұйымдастырылып, оқушылардың арасынан жеңімпаздар да анықталды. Атап айтатын болсақ, 9 «А» сынып оқушылары  Тельжан Санжар, Төлеубек Сабина, Жұмағали Қарлығаш, 8 «А» сыныбынан   Нұрлыбек Көркем, Меліс Анель, 10 «Б» сыныбынан Қайратқызы Аяулым, Нұрайдарқызы Арайлым белсенділік танытып, өз жұмыстарын паш етті. «Ыбырай Алтынсариннің ғибратты әңгімелері» атты онлайн челлендж ұйымдастрылып, 5-11 сынып аралығында жазушының әңгімелерінен үзінді жаттау сайысы өтті. Оқушылардың жатқа айтқан үзінділері әлеуметтік желілер арқылы таратылып, көрермендер арасынан қолдау көрсетілді. мектептің ютуб және инстаграм парақшаларында жарияланды (https://www.instagram.com/p/CUbnqarIkt5/?utm_=copy_link).  


«Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға» тақырыбында онкүндіктің жабылуы салтанаты өтіп, жеңімпаз оқушылар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сөз соңында Ыбырай ата-балаларды жастайынан жалқаулыққа қарсы тәрбиелей отырып, еңбексүйгіштік қасиетті дамыту әрі еңбек етуге дағдыландыру қажет деген ой қозғаған. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүруді әдет еткен қазіргі жастарға көп ой салатын бұл әңгімелер өз маңдай теріңді төгіп еңбектеніп тапқан табысыңның қадірін түсіне білуді, еңбекпен тапқан дәміңнің тәттілігі де өзгеше екендігін дәріптейді. Келешекке сенімі мол Ыбырай ата өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Осы тамаша сөздер оқушылардың білім алуға деген құлшынысын артырып, олардың алған білімдерін өмірде қолдануға деген сеніміміз мол.

  Желтоқсан айында Аудан әкімінің құрмет грамотасымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оскенбаева Л.Б марапатталды. 2021 жыл.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 6 – сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің 6 «А» сынып оқушысы Төлеубек Санжар ІІІ орын жүлдегері. Пән мұғалімі Оскенбаева Лаззат 07.12.2021жыл.


Тарих пәнінің мұғалімі Жазылбекова Қымбат Саудабаевна        

Республикалық ғылыми- әдістемелік және педагогикалық біліктілікті арттыру  «Білім. Kz» баспасы Қазақстан тарихы 10- сынып (ҚГБ) оқу-әдістемелік құралы . ӘОЖ 373 , ҚБЖ 74,266,3 Қ 18 .Алматы 2021ж

Республикалық ғылыми- әдістемелік және педагогикалық біліктілікті арттыру  «Білім. Kz» баспасы Дүниежүзі тарихы 11- сынып (ҚГБ) оқу –әдістемелік құрал. ӘОЖ 373 , ҚБЖ 74,266,3 Қ 87 .Алматы 2021ж

                                                                                               

Qaztest.kz олимпиада  ұйымдастыруымен ІІ Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиададан ІІ орын, Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық қашықтық олимпиададан ІІ орын иелендім. «USHQYR» Республикалық білім орталығы ұйымдастырған Тәуелсіздікке 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты эссе сайысында 8 сынып оқушысы Мелис Анель І дәрежелі диплом иеленді.


  Желтоқсан айының 13- і мен  24 – і аралығында қазақ тілі мен әдебиеті және тарих  пән бірлестігінің «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты онкүндікке арналған іс-шара  жоспары өтті. Жоспар бойынша  Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пән мұғалімдері 13 желтоқсанда апталықтың ашылу салтанатын жасады. Сөз басын тарих пәнінің мұғалімі Жазылбекова Қымбат Саудабаевна бастап оқушыларды келе жатқан Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап сөз сөйледі. Сонымен қатар оқушылар Тәуелсіздікке арналған өлең ,жыр шумақтарын айтып онкүндіктің өтілу барысымен таныстырды.



Жоспар бойынша 5-8 сыныптар аралығында «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар белсене қатысты. Атап айтар болсақ 8 «Б» сынып оқушылары Нұржанқызы Шұғыла, Тлеубай Елнар, 6 «Ә» сынып оқушысы Мұқатай А, Кәдір Балым, 6 «А» сынып оқушысы Нұрлыбек Еркем, Серік Айбарша, Ғани Батырхан т.б Сонымен қатар 9-11 сыныптар аралығында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты эссе байқауы ұйымдастырылды. 9 «А» сынып оқушылары Тельжан С, Төлеубек С, Жұмағали Қ, 10 «А» сынып оқушысы Таңат А , 10 «Б» сынып оқушысы Қайратқызы А, 11 «Б» сынып оқушылары Климова А, Алдаберді А, Нұрымқызы Н т,б . Оқушылар жоғары деңгейде қатысты. Сонымен қатар 5,11 сынып оқушылары қызықты тапсырмалар мен сөзжұмбақтар шешті. Апталықтың соңында белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


13.12-24.12.2021ж аралығында өткен  «Елімнің бақытын тербеткен Қазақстан» атты апталығымызда 8 сыныптар арасында «Тәуелсіз Қазақстан» интелектуалды сайыс өткізілді. Оқушылар сайысқа белсене қатысты.


 

 Желтоқсан айының 14 де , 9-11 сыныптар аралығында тарих пәнінің мұғалімі Қ.С.Жазылбекова «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты Ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға тәрбиелеу. Конференция барысында 11 «Б» сынып оқушысы Климова Айжан мен 10 «А» сынып оқушысы Таңат Ақзер « Тәуелсіздік бастауы- Желтоқсан» тақырыбында баяндама оқыды. Оқушылар белсене қатысты.

14.12.2021жылы 11 «А» сыныбымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Айтбаева ашық сабақ өткізді.Сабақтың тақырыбы: Мұнай өндірісі: пайдасы мен зияны. Дәйек сөздер. Мақсаты: Оқушылар БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми - көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала біледі, сілтеме жасау жолдарын біледі, дәйексөз келтіреді. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктей алады.Мұғалім сабақты жаңашыл әдіс- тәсілдермен қызықты өтті. Оқушыларға кері байланыс берілді. Сабақ жақсы деп бағаланды.



20.12.2021 жылы 6 «А» сыныбымен Оскенбаева Лаззат Белкожаевна ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың үш биі» . Сабақтың мақсаты: Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасайды; Тақырып бойынша өз көзқарасын білдіреді;Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм,  табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу. 


Мұғалім сабақта төңкерілген сабақ өтті. Оқушылар тапсырмаларды қыза орындады. Үй тапсырмасын сұрау барысында Google формасымен тест жұмыстарын алды. Оқушыларға кері байланыс берілді. Сонымен қатар балалар жетістік баспалдағы арқылы өздерін бағалады. Сабақта әр түрлі заманауи әдістерді қолдана білді.Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 


14



Тарих пәнінің мұғалімі С.Қ.Ахатаева 8-11 сынып оқушыларымен «Көшбасшы – ол кім?» тренинг сабағын өтті. Мақсаты: Оқушыларды өзіне талап қоя білуге, өз ісіне сеніммен қарауға дағдыландыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге бейімдеу. Оқушылар тренинге белсене қатысып ойларын еркін түрде айта білді.



Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.А.Мукашова 10 «Б» сыныбымен «Ақбілек романындағы әйел бейнесінің көркемдік шыңы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Романдағы кейіпкерлерді анықтайды, кейіпкерлерді даралап талдайды.Сабақтың құрылымы жақсы құрылған. Мұғалім сабақты заманауи түрлі әдістермен жасағаны көрініп тұр. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.Сабақ өте жақсы деп бағаланды. 



24.12.2021жылы 5-11 сынып оқушыларымен апталықтың жабылу салтанаты өтті. Бірлестік жетекшісі Оскенбаева Лаззат Белкожаевна апталыққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. 


     Желтоқсан айының  20,21 күндері қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пән бірлестігінің мектепшілік олимпиадасы өтті.8 -11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада І,ІІ тур болып өткізілді. Нәтижесінде төмендегідей көрсеткіш көрсетті . Аудандық олимпиадаға баратын оқушылар


Оқушының аты-жөні

Пәні

Сыныбы

1

Климова Айжан

Қазақ тілі мен әдебиеті

11 «Б»

2

Қайратқызы Аяулым

Қазақ тілі мен әдебиеті

10 «Б»

3

Серікбай Назерке

Қазақ тілі мен әдебиеті

9 «Б»

4

Таңат Ақзер

Қазақстан тарихы

10 «А»

5

Дәркенбай Дәуіржан

Қазақстан тарихы

9 «Б»



Бірлестік жетекшісі            Л.Б.Оскенбаева