Әдістемелік бірлестіктің есептері » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2022

Әдістемелік бірлестіктің есептері

«МДШО бар М.Сеңгірбаев ат.орта мектебі» МКМ

орыс тілі мен әдебиет және ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің 

2021-2022 оқу жылының

І-жартыжылдығында атқарған жұмыс есебі


2021-2022 оқу жылында 1-4 сыныптар   «Орыс тілі» - 2 сағ; 5-11 сыныптар «Орыс тілі мен әдебиеті» -3 сағ, «Ағылшын тілі» - 3 сағат аптасына болып оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады. 5-11-сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінен  2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатын және  Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар жасалынып, бекітілген. 

2021-2022 оқу жылында бірлестік құрамында   6  - орыс тілі пәнінің мұғалімдері, оның ішінде 2-і жас маман   және 5 - ағылшын тілі мұғалімдері жұмыс істейді. Орыс тілі пәнінің мұғалімдері Ормышева А пен Корабаева Г жас мамандар,оларға тәлімгерлер тағайындалған.

Мұғалімдердің сапалық құрамы және біліктілік  арттыруы перспективалық жоспары жасалынды Курстан өту бойынша  орыс тілі пәні мұғалімдері өткен, жас маман мұғалімдердің курстан өту жоспарда бар, ағылшын тілі пәні мұғалімдері курстан толық өткен. 

      Бірлестікте жоспарланған іс-шаралар  жүзеге асырылуда. Бірлестіктің пән мұғалімдері  жеке жұмыс жоспарлары бойынша жұмыс атқаруда. ӘБ мүшелері өз пәндері бойынша онлайн өтіп жатқан семинар, вебинарларға қатысып отырады.

           Бірлестік бойынша тамыз кеңесіне ағылшын тілі мұғалімі Серікбай А; орыс тілі пәні мұғалімі Ж. Жуматаева сабақтарын өткізіп, тәжіребиелерімен бөлісті. Барлық бірлестік мұғалімдері  «Педагогтардың цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын өтіп, сертификаттарына ие болды. Былтырғы оқу жылында пандемияға байланысты сабақтар онлайн форматта өткендіктен олқылықтарды жою мақсатында ӘБ мұғалімдері ағылшын және орыс тілі пәндерінен жоспар құрып, кіріс бақылау жұмыстары алынды. Кіріс бақылау мақсаты оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бақылау, білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және оларды жою үшін алдағы жұмыстарды жоспарлау. Диагностика жасалып, алдағы уақытта олқылықтарды жою жұмыстары бойынша жұмыс жоспарланды.     Мектебіміздің 2 деңгей ұстазы  А.Малтабарованың бастауымен 13-қазанда «Lesson Study әдісін қолдана отырып, оқыту мен оқу үдерістерін дамыту мен жетілдіру»- тақырыбымен LS-ге дайындық жұмысына арналған мектепішілік  семинар өткізді. Презентация арқылы Lesson Study әдісі оқушыларға білім алуға тиімді екендігін және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал етуге болатындығын жеткізді. 

 










 
        27-қазанда А.Малтабарова мектепте «Сабақты талдаудың ең тиімді тәсілдері» тақырыбына коучинг өткізді. Ұстаз өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отырудың ең тиімді жолы Lesson Study әдісі екендігі түрлі мәлеметтер және тапсырмалар орындау арқылы айқындады. Сабақ беру және бақылау барысында неге көңіл бөлүіміз керек?-деген сауал сабақ құрылы мен өту барысына сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру, оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру, таңдалған оқыту әдістерін тиімділігіне және оқушылардың сабақтағы жұмысына талдау жасау қажеттігі айтылды.


  1.ӘБ  бойынша курстан өткен мұғалімдер - жоқ.

    2. Дарынды оқушылармен жұмыс:

Бірлестікте дарынды балалармен жұмыс жоспарланды, оның мақсаты – оқушыларды шағармашылыққа бейімдеу, қызуғышылықтарын арттырып, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту,  ой-өрісі, функционалдық сауатттылығы  дамыған креативті тұлға тәрбиелеу. Дарынды балалармен жұмыс жоспарлы түрде ӘБ мүшелерімен жүйелі жүргізілуде. Сонымен қатар ӘБ мұғалімдері, шығармашылық жұмыстармен, оқушыларға жетекшілік ете отырып, байқауларға   қатысып, төмендегідей нәтижеге ие болды.

         ӘБ мұғалімдері  оқушыларға жетекшілік ете отырып, байқауларға  қатысып, төмендегідей нәтижеге ие болды: қазан айында «Дарын» ғылыми конференциясының аудандық  кезеңіне   9а сынып оқушысы Қайшымбек Жанел қатысып   І орынға ие болды  (жетекшісі А.Серікбай). А.Малтабарова жетекшілігімен 8 «А» сынып оқушысы Мелис А  «Дарын» ғылыми конференциясына қатысты.

«Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған  «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» - атты республикалық байқауында 8-сынып оқушысы Мелис Анель (жетекшісі А.Малтабарова) 

қатысып жүлделі орынға ие болды.

           Аудандық «Зерде»  ғылыми конференциясына орыс тілі секциясына  7 «А» сынып оқушысы Серікбай Н (Жетекшісі Жуматаева Ж.К) және ағылшын тілі секциясына Шұғайқызы Аяжан 7 «А» сынып оқушысы (Жетекшісі Серікбай А) қатысып, өз жұмыстарын ұсынды

      Халықаралық «Русский медвежонок» «British bulldog» инттелектуалдық байқауларына 5-10 сыныптар аралығында оқушылары қатысып,төмендегідей нәтиже көрсетті:


Оқушының аты-жөні

Сыныбы 

Алған орны

Ұстазы 

1

Қайшымбек Н

І орын

Жумабекова М.Р

2

Алихан Адина

І орын

Жумабекова М


3

Климова А

11Б

І орын

Жуматаева Ж.К



4

Нуси Еркежан

11А

І орын

5

Уйсинбай А

орын

6

Бекбосын Ш

орын

Жуматаева Ж.К






7

Ерғалиұлы  А

І  орын

8

Еркінбек Е

І орын

9

Байдилла Д

9 Б

ІІ орын

10

Сатыбалды Г

І орын


 20-21 желтоқсан аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік орыс тілі мен ағылшын тілі  пән олимпиадасы ұйымдастырылды. Орыс тілі пәнінен 8 -10 сынып оқушылар арасынан – 7 оқушы қатысты. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды, жұмыстар тексеріліп, қорытынды бойынша аудандық олимпиадаға орыс тілі пәнінен 9б сынып оқушысы Ратбек А, 10 Б сыныбынан Ертай Аида; ағылшын тілінен : Тельжан Санжар -9А, Нурлан Айнұр - 10Б сыныбынан аудандық олимпиадаға жолдама алды. 


  3. ӘБ ұстаздарының  жетістіктері, конкурс, вебинар/ семинарларға қатысуы:   

Әдістемелік жұмыстардың нәтижеге жетуі үшін, тәжірибелерді тарату, мұғалімдерінің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында бірлестік ұстаздары түрлі мектепшілік, аудандық байқауларға, вебинарларға, семинарларларға қатысып отырады 


Мұғалімнің аты-жөні

                     Семинар/вебинар  тақырыбы

1

Ырыскелді А.Е

Онлайн вебинар по устранению и восполнений пробелов в знаниях учащихся

3

Досымбаева Г.М

  1. «Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында облыстық телеэссе 
  2. Білім бөлімінің «Құрмет грамотасы»

4

Серикбаева А.

Аудандық «Ы.Алтынсарин олимпиадасы» ағылшын тілі мұғалімдер арасындағы байқау І орын. 

Облыстық «Ы.Алтынсарин олимпиадасы» кезең «Алғыс хат»

5

Жумабекова М.

Аудан әкімінің      «Алғыс хаты»

6

Нурғожаева А

Аудандық «Педагогикалық дебют» байқауы ІІІ орын 


4.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.  Оқу жылының басында оқушылардың біліміндегі олқылықты түзету мақсатында арнайы жоспар құрылып, тізім жасалынды. Негізгі сабақ барысында ауызшада:  мәтінді оқу, негізгі ойын айтып беру, сұрақ құру, сұрақтарға жауап беру мазмұндау сияқты тапсырмаларда, ал жазбашада орфография мен пунктуацияда  кездескен қателерімен жұмыс жүргізілуде. Жұмыс барысында шамасына қарай олқылықтарды түзетуге арналған тапсырмалар, ал үйге жеке білімдерін бекіту тапсырмалары беріледі. Ережелерді түсініп қабылдауына арнайы тапсырмалар ескерілген. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды түзетуде жетелейтін сұрақтардың пайдасы зор екендігі байқалады

І- жартыжылдықта орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің  білім сапасының көрсеткіші:

Орыс тілі мен әдебиеті 



5сын

 6сын

 7сын

 8сын

9сын

10сын

11сын

1 тоқсан

60,2

67,5

58,0

59,5

60,7

62,9

69,5

2 тоқсан

62,3

67,1

54,1

67,3

64,7

62,9

78,2

Үлгерімі  %

 100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%


Ағылшын тілі 


5сын

 6сын

 7сын

 8сын

9сын

10сын

11сын

1 тоқсан

63%

65

62

57,4

58,8

77,7

62,9

2 тоқсан








Үлгерімі  %

 100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%





                    Бірлестік жетекшісі:                            Жуматаева Ж.К