Үйірме, факультатив жоспары » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2022

Үйірме, факультатив жоспары

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мкм

"ХИМИЯ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ"

факультатив жоспары

( 7  сынып оқушыларына арналған, 34 сағат)





Зерттеуші мұғалім, жоғарғы санатты химия пәні мұғалімі: А.Ж. Салимбаева





2021 – 2022   оқу  жылы






Мақсаты:

1. Оқушыларды  бағдарлама  бойынша  біліммен химиялық теориямен, заңдармен,ұғымдармен қаруландырып химия пәніне қызығушылықтарын арттыру.

2. Химиялық эксперимент жасату,химиялық реактивтерді қолдана білу арқылы оқушылардың іскерлік дағдыларын жетілдіре түсу,

эксперименттік тәжірибелер орындау барысында қауіпсіздік ережелерін үйрету.

3. Оқушыларды ойландыруға,оқулық анықтамалары мен жұмыс жасауға,істеген жұмыстарын қорытындылауға,ғылыми тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.

4. Химия есептерін шығарудың түрлі әдістерін үйретіп оқушыларды

олимпиадаларға әзірлеу.

Міндеті:

  • оқушылардың ғылыми көзқарасын дамыту;


  • оқушылардың ой қабілетін дамыту;


  • заттар туралы білімдерін тереңдетіп, кеңейту және пысықтау;


  • Қазақстанның химия өнеркәсібі және шикізат базасы туралы ұғымды қалыптастыру;


  • жаңа білім алу және оларды іс жүзінде қолдану мұқтаждығын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларға  химиялық  дүниетанымды  қалыптастыру;


  • -заттар мен химиялық реакциялар туралы негізгі біліммен

таныстыру;


  • -заттарды тұрмыста,өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында 

қолдана білу;


  • -білімді адамға қажетті химиялық түсінктерді меңгеретін  

бағдар беру;

Мамандыққа бағдарлау:  эколог,  формаколог,  химик, химик-технолог.

Химия  факультативінде  дәріс  сабақтарын  өткізу  түрлері:

Лекция, семинар,  реферат қорғау, сандық есептер, эксперименттік есептер шығару, ғылыми жобалар дайындау, кіші олимпиада өткізу.

7,8,9 сынып.   Аптасына 1  сағат,барлығы 34 сағат.

Семинар сабақтарында шығарылып үйренуге ұсынылатын есептердің негізгі типтері. Химиялық формулалар бойынша жүргізілетін есептеулер.

Семинар сабақтарында шығарылып үйренуге ұсынылатын есептердің негізгі типтері. Химиялық формулалар бойынша жүргізілетін есептеулер.

Мазмұны

Сағат

са

ны

Сабақ- тың

түрі

Өтетін

уақыты

1

Кіріспе.Химияның негізгі сатылары.Жаңа ғасырдағы химия.

1

Лекция

02.09.2021

2.

Атом-молекулярлық ілім.Химияның негізгі стехиометриялық заңдары.

1


Лекция

09.09.2021

3

Химиялық заттарды синтездеу кезіндегі зертханалық жұмыстардың техникасы.(қыздыру және қақтау)

1

Практикалық

жұмыс

16.09.2021

4

Заттың салыстырмалы молекуласы-

ның массасын оның формуласы бойынша есептеу.

1


Есеп шығару

23.09.2021

5

Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін оның формуласы бойынша есептеулер.

1

Есеп

шығару

30.09.2021

6

Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін оның формуласы бойынша есептеулер.

1

Есеп

шығару

07.10.2021

7

Берілген зат мөлшері бойынша заттың массасын есептеу.

1

Есеп

шығару

14.10.2021

8

Берілген массасы бойынша оның мөлшерін есептеу.

1

Есеп шығару

21.10.2021

9

Газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу.

1

Есеп шығару

28.10.2021

10

Белгілі мөлшерде берілген газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.

1

Есеп шығару

11.11.2021

11

Қалыпты жағдайда белгілі бір көлем алатын газ тәрізді заттың массасын есептеу.

Массасы бойынша газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.

1

Есеп шығару

18/.11.2021

12

Белгілі массалық үлестері бойынша белгісіз заттың қарапайым (эмпирикалық) формуласын табу.

1

Есеп шығару

25.11.2021

13

Электробейтараптың шартын пайдалана отырып,иондық қосылыстардың эмпирикалық формулаларын табу.

1


Есеп шығару

03.12.2021

14

Сарамандық сабақ «Төрт сынауықта берілген химиялық заттарды анықтау»

1

Экспер. есеп

09.12.2021

15

1). «Теңіз және мұхит химиясы»

2). «Су – өмір нәрі»

3). «Су – еріткіш»

1

Рефе

рат

қорғау

15.12.2021

16

Еріген заттың массалық (көлемдік)

үлесін есептеу.

1

Есеп шығару

23.12.2021

17

Еріген заттың массалық үлесі бойынша ерітіндідегі еріген зат пен еріткіштің массалыр есептеу.

1

Есеп

Шығару

20.01.2022

18

Еріген заттың концентрациялары әр түрлі ерітінділерін араластыруға байланысты есептеулер.кәдімгі әдіс,алгебралық әдіс,крест әдісі.

1



Есеп шығару

27.01.2022

19

Заттардың ерігіштігіне байланысты есептеулер.

1

Есеп шығару

03.02.2022

20

Еріген заттың молярлық концентрациясына байланысты есептеулер.

1

Есеп шығару

10.02.2022

21

Ерітінділердің компоненттерінің молярлық үлестеріне байланысты есептеулер.

1

Есеп шығару

17.02.2022

22

Сарамандық сабақ: «Концентрациялы,молярлы, нормальды

ерітінділер дайындау»

1

Практикалық

Жұмыс

24.02.2022



Химиялық реакцялар теңдеулері бойынша есептеулер


23

Реакцияға түсетін заттардың біреуінің массасы бойынша реакция өнімдерінің массаларын есептеу.

1


Есеп шығару

03.03.2022

24

Біреуі артық мөлшерде алынған бастапқы заттардың белгілі массалары бойынша реакция өнімдерінің массаларын есептеу.

1

Есеп шығару

10.03.2022

25

Басқа газдың белгілі бір көлемімен қалдықсыз әрекеттесуге қажетті газ көлемін есептеу.

1

Есеп шығару

17.03.2022

26

Реакция өнімінің теориялық мүмкіндікке қарағандағы шығымын есептеу.

1

Есеп шығару

07.04.2022

27

Құрамында белгілі бір қоспасы бар бастапқы заттардың массасы (көлемі) бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін) есептеу.

1


Есеп шығару

14.04.2022

28

Бірнеше тізбектес реакциялардың теңдеулері бойынша жүргізілетін есептеулер.

1

Есеп шығару

21.04.2022

29

Бір мезгілде параллель жүретін бірнеше реакциялардың теңдеулері бойынша есептеулер. (қоспаның құрамын табу)

1


Есеп шығару

28.04.2022

30

Химиялық реакциялардың жылдамдығына және химиялық тепе-теңдікке байланысты қарапайым есептеулер.

1

Есеп шығару

05.05.2022

31

Электролизге байланысты есептеулер

1


Есеп шығару

12.05.2022

32

Экивалент ұғымына байланысты есептеулер

1

Есеп шығару

16.05.2022

33

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері.

1

Есеп шығару

19.05.2022

34

Кіші олимпиада өткізу.

1

Есеп шығару

25.05.2022










«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мкм

"Химиядан сандық есептерді шығару"

факультатив жоспары

( 11  сынып оқушыларына арналған, 34 сағат)





Зерттеуші мұғалім, жоғарғы санатты химия пәні мұғалімі: А.Ж. Салимбаева



2021 – 2022   оқу  жылы







Факультативтік курс «Химиядан сандық есептерді шығару»


 Түсінік хат


 Химия пәнінен бұл бағдарлама жалпы мектептердің 9 - 11сыныптарында оқушылардың алған білімдерін әрі қарай тереңдете бекітіп, білімдерін тексеруге арналған. Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Химиялық есептер – оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Бағдарламада сандық есептерді шығару көзделген. Курстың негізіне атом - молекулалық ілім, стехиометриялық заңдар, химиялық элементтердің периодтық заңы алынған. Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын жоғары оқу орнына түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан. Бағдарламаның негізгі мақсаттары: - Бейорганикалық және органикалық химиядан алған білімдерін қорытындылау, пысықтау. - Бар білімді жаңа проблемалар (әр түрлі деңгейдегі есептерді) шешуде шығармашылықпен қолдану. - Химияның мектептік курсында қарастырылмайтын ұғымдарды оқып - үйренуді қамтамасыз ету. - Оқушылардың талдау, салыстыру, тұжырымдау, ой - өрісін, өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту.
 - Конкурстық, олимпиадалық есептерді шығару алгоритмін жетілдіру, күрделі есептерді шығаруда алгебралық әдістерді пайдалану тиімділігін көрсету. - Пәнаралық байланыстардың мазмұның (математика, физика, биология) кеңейту.
 - Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан - салалы, ауқымды мәселелерді шешудегі рөлінің артуын ашып көрсету. - Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. 

Міндеттері:
 
- химиялық дүниетанымды қалыптастыру;
 - алған білімдерінің маңызы туралы түсініктерді меңгерту;
 - әр оқушының оқу деңгейін анықтау;
 - тәжірибелік білімдерін жетілдіру;
 - химиядан білім стандартына сәйкес келетін оқытудың жоспарланған нәтижесін қамту.



 Күтілетін нәтиже:


 Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есептер шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
 Бұл курс бағдарламасындағы орындалатын жаттығулар және шығарылатын есептер әр тақырыпқа жеке берілген. Бағдарламаның бұлай құрылуы оқылған тапсырмаларды орындау кезіндегі мақсаты мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді.
 Егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса, күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз. Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген. Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады. Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет.


 Бағдарламаның мазмұны
 Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат


№ тарау

Тақырыптар

Сағат  саны


Кіріспе

1

1

Химияның басты заңдары. Стехиометриялық 

заңдар. Химиялық формула.


4

2

Химиялық реакция теңдеулері бойынша

есептеулер.

4

3

Химиялық процестердің жүру заңдылықтары.


4

4

Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі,

Ванг-Гофф ережесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

3

5

Заттардың қоспасы.

5

6

«Олеум» тақырыбына арналған есептер.

4

7

Ерітінділер.

4

8

Сапалық анализ.

3

9

Қорытындылау.

2




Бағдарламаның базалық мазмұны:

Кіріспе. (1сағат)

Химияның басты ұғымдарымен таныстыру. Атом. Молекула. Химиялық элемент. Заттар

және физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар.

1 тақырып. Химияның басты заңдары. Стехиометриялық заңдар. Химиялық

формула. (4 сағат)

Химияның негізгі заңдары: зат салмағының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы,

көлемдік қатынастар заңы. Химиялық формула. Заттың сапалық және сандық

құрамы.Валенттілік. Химиялық формулалар бойынша есептеулер.

2 тақырып. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.(4 сағат)

Химиялық реакциялар, олардың жүру белгілері және жағдайлары. Табиғаттағы химиялық

реакциялар, тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар; Химиялық

реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін /газдың/, зат мөлшерін

есептеу. Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен

салыстырғандағы шығымды есептеу. Бастапқы зат және теориялық мүмкіндікпен

салыстырғандағы зат шығымы бойынша өнімін есептеу және т.б.

3 тақырып. Химиялық процестердің жүру заңдылықтары. Химиялық тепе-теңдік.

Ле-Шателье принципі, Ванг-Гофф ережесі. (4 сағат)

Химиялық реакция жылдамдығы. Оған әсер ететін факторлар.Химиялық тепе-теңдік және

оның ығысу жағдайлары. Ле-Шателье принципін тұжырымдау. Вант-Гофф ережесін және

Ле-Шателье принципін негізге ала отырып есептеулер жүргізу.

4 тақырып. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.(3 сағат)

Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері, формулалары бойынша тотығу дәрежелерін

анықтау. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш туралы түсінік, тотығу-тотықсыздану

реакциялары. ТТР теңестіру әдістері: ионды-электронды баланс. Электролиз. Катодтық

және анодтық процестер.

5 тақырып. Заттардың қоспасы. (5 сағат)

Қоспа компаненттердің құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу.

Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептеулер.

Қоспаның сандық құрамын анықтау.

Берілген реагентпен құрамындағы ішінара әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау

Берілген реагентпен құрамындағы компаненттердің бәрі әрекеттесетін қоспаның құрамын

анықтау.

6 тақырып. «Олеум» тақырыбына арналған есептер. (4 сағат)

Күкірт оксидтері, күкірт қышқылы мен олеумның қасиеттері. Олеум қатысында жүретін

химиялық реакциялар. Сандық есептеулер.

7 тақырып. Ерітінділер. (4 сағат)

Ерітінділер концентрацияларының түрлері. Еріген заттың массалық үлесі, мольдік

концентрация, еріткіштің

Ерітіндінің массасын тығыздығы бойынша есептеулер.Қатты заттардың,

сұйықтықтардың, газдардың ерігіштігі, кристаллогидраттар.

8 тақырып. Сапалық анализ. (3 сағат)

Бейорганикалық қосылыстар құрамындағы катиондар мен аниондарды сапалық

реакциялар көмегімен анықтау.

№1 практикалық жұмыс. Берілген бейорганикалық заттарды сапалық реакциялармен

анықтау.

№2 практикалық жұмыс.



Тақырыбы

Сағат  саны

Мерзімі

1

Кіріспе.


1

02.09.2021

2

І тарау.Химияның басты заңдары. Стехиометриялық заңдар. Химиялық формула. Химиялық формулаларды табу. Белгісіз заттардың эмприкалық және молекулалық

формулаларын табу. Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері

мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу.

Кристаллогидраттың формуласын табу.

Газдардың молярлық көлемі. Идеал газдар заңы.


4

09.09.2021

16.09.2021

23.09.2021

30.09.2021

3

2-тарау. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер. Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымды есептеу.

Бастапқы зат және теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымы бойынша өнімін есептеу.


4

07.10.2021

14.10.2021

21.10.2021

28.10.2021

4

3-тарау. Химиялық процестердің жүру заңдылықтары. Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі, Ванг-Гофф ережесі. Есептеулер шығару.


4

11.11.2021, 18.11.2021

25.11.2021

03.12.2021

5

4- тарау. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру әдістері. Электрондық баланс және иондық-электрондық

әдісі. Электролиз.


3

09.12.2021

15.12.2021

22.12.2021

28.12.2021

6

5 тарау. Заттардың қоспасына есептер шығару. Қоспа компаненттердің құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу. Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептеулер. Қоспаның сандық құрамын анықтау. Берілген реагентпен құрамындағы ішінара әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау Берілген реагентпен құрамындағы компаненттердің бәрі әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау. (5 сағат)


5

20.01.2022

25.01.2022

28.01.2022

03.02.2022

10.02.2022

7

6 тарау. «Олеум» тақырыбына арналған есептер.


4

17.02.2022

22.02.2022

03.03.2022

10.03.2022

8

7-тарау. Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын өрнектеу тәсілдері.

Еріген заттың массалық үлесін есептеу. Ерітінділердің молярлық концентрациясы. Ерігіштік.


4


17.03.2022

07.04.2022

14.04.2022

21.04.2022

9

8-тарау.Сапалық анализ. Иондарды /катиондар мен аниондарды/ сапалық анықтау. 

3


28.04.2022

05.05.2022

12.05.2022

10

Қорытындылау


2


18.05.2022

25.05.2022





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 КузьменкоН.Е:, Еремин В.В. «2500 задач по химии с решениями». Москва «Оникс 21

век», «Мир и образование» 2002 ж.

2 Беляева И.И., Сутягина Е.И., Шелепина И.А. «Задачи и упражнения по общей и

неорганической химий». Москва «Просвещение» 1989 ж.

3 «Химия мектепте» ғылыми-педогогикалық журнал. 2011-2014жыл.

4 Ф.Г.Фельдман, Г.Е.Рудзитис «Жалпы химия негіздері». Алматы-Мектеп 2002жыл

5 Дидактикалық материалдар «Химия» 10 сынып. Алматы-Мектеп 2003 жыл

6 Қ.Бекішев, Р.Рысқалиева, А. Солтанбекова «Жалпы химия есептері мен жаттығулары»,

Алматы, 2009

7 Мендалиева Д.К. «Сапалық химиялық анализден зертханалық практикум», (мектеп

оқушыларының факультативтік сабақтарына арналған), Алматы, 2014

8 И.Г. Хомченко «Сборник задач и упражнений по химии» Москва,2013

9 Г.П. Хомченко, И.Г. Хомченко « Сборник задач по химии для поступающих в

ВУЗЫ»,Москва, 2013