«МДШО бар М.Сеңгірбаев ат.орта мектебі» МКМ орыс тілі мен әдебиет және ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің 2022-2023 оқу жылының І -ІІ-жартыжылдықта атқарған жұмыс есебі » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «МДШО бар М.Сеңгірбаев ат.орта мектебі» МКМ орыс тілі мен әдебиет және ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің 2022-2023 оқу жылының І -ІІ-жартыжылдықта атқарған жұмыс есебі
09
июнь
2023

«МДШО бар М.Сеңгірбаев ат.орта мектебі» МКМ орыс тілі мен әдебиет және ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің 2022-2023 оқу жылының І -ІІ-жартыжылдықта атқарған жұмыс есебі

«МДШО бар М.Сеңгірбаев ат.орта мектебі» МКМ

орыс тілі мен әдебиет және ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің 

2022-2023 оқу жылының

І -ІІ-жартыжылдықта атқарған жұмыс есебі


2022-2023 оқу жылында 2-4 сыныптар   «Орыс тілі» - 2 сағ; 5-11 сыныптар «Орыс тілі мен әдебиеті» - 3 сағ, «Ағылшын тілі» - 3 сағат аптасына болып оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады. 5-11-сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінен  2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен және  Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген   өзгерістерді басшылыққа ала отырып, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар жасалынып, бекітілген. 


2022-2023 оқу жылында ӘБ құрамында   6  - орыс тілі пәнінің мұғалімдері, оның ішінде 1 жас маман және 6 - ағылшын тілі мұғалімдері жұмыс істейді. Оның ішінде: 5 педагог- сарапшы; 4-і педагог- модератор; 3 мұғалім санатсыз.

Мұғалімдердің сапалық құрамы және біліктілік  арттыруы перспективалық жоспары жасалынды.  Курстан өту бойынша:  ӘБ-де орыс тілі пән мұғалімдері және ағылшын тілі пәні мұғалімдері толық пән құзыреттілігі курстарынан өтті. Бірлестікте жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бірлестіктің пән мұғалімдері  жеке жұмыс жоспарлары бойынша жұмыс атқаруда. ӘБ мүшелері өз пәндері бойынша үнемі семинар, вебинарларға қатысып отырады.

        Қыркуйек айының басында бірлестік мұғалімдері ағылшын және орыс тілі пәндерінен 5-11 сыныптарынан кіріс бақылау жұмыстары алынды. Кіріс бақылау мақсаты оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бақылау, білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және оларды жою үшін алдағы жұмыстарды жоспарлау. Диагностика жасалып, алдағы уақытта олқылықтарды жою жұмыстары бойынша жұмыс жоспарланды.     

  1.ӘБ   бойынша курстан өткен мұғалімдер:

        Барлық бірлестік мұғалімдері  «Цифрлық сауаттылық негіздері және ААЖ-да жұмыс істеу Kundelik.kz ҚР жалпы білім беретін мектептері үшін» тақырыбында Kundelik.kz платформасының онлайн курсын өтіп, сертификаттарын алды. ӘБ-тен 2022-2023 оқу жылында білім көтеру курстарынан өткен ұстаздар жоқ. Аттестациядан өтетін мұғалімдер: Қорабаева Г, Бектемисова Н.

    2. Дарынды оқушылармен жұмыс:

Бірлестікте дарынды балалармен жұмыс жоспарланды, оның мақсаты – оқушыларды шағармашылыққа бейімдеу, қызуғышылықтарын арттырып, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту,  ой-өрісі, функционалдық сауатттылығы  дамыған креативті тұлға тәрбиелеу. Дарынды балалармен жұмыс жоспарлы түрде ӘБ мүшелерімен жүйелі жүргізілуде, ғылыми байқауларға және пән олимпиадаларына резерв оқушылар іріктеліп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

         ӘБ мұғалімдері  оқушыларға жетекшілік ете отырып, байқауларға  қатысып, төмендегідей нәтижеге ие болды: қазан айының 27-де  «Дарын» ғылыми конференциясының аудандық  кезеңіне  10а сынып оқушысы Тельжан С қатысып  ІІІ орынға ие болды  (жетекшісі Жумабекова М).

       02.12.2022ж Ақдала орта мектебінде 5-6 сыныптар арасында пәндік олимпиада өтті. 5-6 сыныптар арасынан орыс тілі пәнінен 3 оқушы қатысып, 5 сынып оқушысы Нүсіп Мұхамедғали ІІ орынға ие болды Жетекшісі: /Жуматаева Ж.К/

      05.10-0.5.12.2022 аралығында «Международная Академия наук Педагогов и интеллектуальных детей» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Пушкин оқулары» және «С. Есенин оқулары» бейнебайқауларына  қатысқан 4»Б» сынып оқушысы Ратбек Айзере ІІ орын иегері болды. Ауданда өткізілген аудандық «Пушкин оқуларына» мектебімізден 3 оқушы қатысып, номинация иегерлері атанды.

Акпан айында 9-11 сыныптар арасында аудандық пән олимпиадасы ұйымдастырылды. Орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінен оқушылар қатысып: орыс тілінен 11 сынып оқушысы Ертай Аида ІІ орын, 10  «Б» сынып оұушысы Ратбек А – І орындарға ие болды. Ағылшын тілі пәнінен 11 сынып оқушысы  Нурлан А ІІ орын алды. 

      7-8 сыныптар арасынын аудандық пән олимпиадасынан ағылшын тілі пәнінен орын алған:  Асанбай Шолпан - 2 орын пән мұғалімі Жұбатырова Н 7 «А» сыныбы,  8 «А» сыныбынан Мақсут Разия – 3 орын пән мұғалімі Серікбай А


      Желтоқсанның 20 мен 28-дейін «Русский язык - язык мира и дружбы» тақырыбында орыс тілі  мен әдебиет пәнінің Декадасы ұйымдастырылды.  Арнайы апталық жоспары құрылды. Тема: «Русский язык - язык мира и дружбы» 

Цели: повышение общей языковой культуры, развитие интереса к предмету русский язык и литература; развитие познавательных и творческих способностей учащихся;

 Ашылуы ұйымдастырылып оқушылар  Декада жоспарымен таныстырылды. 

Дата

Содержание и форма проведения мероприятия 


Ответственные

19.12.2022

1.Открытие Декады 

2.Конкурс тематических стенгазет «В мире русского языка и литературы» (5-9 классы)

Члены МО

20.12.2022

1.Игра «Знатоки русского языка» (8 классы)     

2. «Знаешь ли ты русский язык?» олимпиада (6-классы) 

Исабаева М.Т

Жуматаева Ж.К

Рыскелдина А.Е

Ормышева А.

19.12-23.12



21.12.2022


22.12.2022

1.«По страницам любимых сказок». Конкурс рисунков (4-5 классы)                             

 2. «Чтение – вот лучшее учение». Экскурсия в школьную библиотеку. 

3. Конкурс на лучшего чтеца

Учителя РЯ 


Рыскелдина А.Е


Учителя РЯ

22.12.2022


19.12. 23.12.2022

1.«Умники и умницы»: развивающая  игра 

между 7- классами 

2. Мисс и мистер каллиграфия. Конкурс (5-9 кл)

3. Открытые уроки

Малтабарова А.А

Ормышева А

Жуматаева Ж

Члены МО

23.12.2022

1.Закрытие Декады. Подведение итогов недели. Награждение победителей

Члены МО



Жоспар бойынша 20.12 куні «Знатоки русского языка» тақырыбында 8-сыныптар арасында пән мұғалімдері Исабаева Б, Ж. Жуматаева сыныптан тыс сабақ ойын – сабақ өткізді 

 

«Знаешь ли ты русский язык?» тақырыбында 6 сынып оқушыларыны арасында  олимпиада;  «Чтение - вот лучшее учение!» атты мектеп кітапханасына экскурсия;  

4-7 сынып оқушылары арасында «По страницам любимых сказок» атты сурет салу байқауы; 7-сыныптар арасында «Умники и умницы» атты  дамыту байқау-ойын; 

22 желтоқсан куні «Конкурс на лучшего чтеца» байқауы ұйымдастырылды.Байқауға белсене қатысқан 5 Б сыныптар оқушылары. Конкурстың ең үздік жеңімпаздары 4Б сынып оқушысы Ратбек Айзере және 5Б сынып оқушылары Бидайбек Сымбат; Сейтқұл Максат, Әскер Заңғар марапатталды

 

 

 

 
  


7а сыныбында шығармашылық ашық  сабақ; 5-9 сынып оқушыларының арасында «Мисс и мистер каллиграфия» байқауы; қорытынды жасалып; апталықта белсенділік танытқандарды, байқау жеңімпаздарын марапаттау.

Арнайы бұрышта оқушыларға қызықты да, танымды тапсырмалар топтамасы ұсынылды. Олар қызығушылық танытып, белсене қатысты. Кейбір, талдауды талап ететін тапсырмалар бойынша оқушылар ойларын аудиоға жазып WhatsApp арқылы жіберіп отырды. Қателескен не жауабын мүлдем білмеген оқушылар сол аудиозапись арқылы өз қателерін таба алатын мүмкіндікке жете алды. 


 Желтоқсанның 22-де 7А сыныбында пән мұғалімі Малтабарова А.А. ашық шығармашылық сабақ ұйымдастырды. Қысқа мерзімді жоспарға сәйкес «Здоровый образ жизни: спорт и еда» бөлімі бойынша оқушылар біліп үйренгендерін презентация арқылы қорғап берді. Одан басқа, «Ертөстік» ертегі бойынша сахналау қойылымын көрсетті. Оқушылардың орысша дұрыс сауатты сөйлеу, жазу, бір-бірімен сөйлесу, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша әңгімелеп бере білулерінен қазақ мектептерінде орыс тілін оқытудың практикалық мақсаты орындалғаны байқалды.  Топтағы барлық оқушылар сабаққа қатыстырылды. 


 23-желтоқсанда оқушылардың орыс тілі пәнінен  білім дағдыларын анықтау, логикалық ойлау  дағдыларын дамыту мақсатында 7-сыныптар арасында «Умники и умницы» атты  дамыту байқау-ойыны ұйымдастырылды. «Лингвисты» (7А) , «Грамотеи» (7Б) топтары құрылды.  Дамыту ойыны түрлі тапсырмаларды қарастырған «Разминка ума», «Собери пословицы», «Умный наборщик», «Кроссворд»,  «Как правильно сказать?» - атты түрлі ойындарда оқушылар өз білімдерін ортаға салды, топ құрамында бірі бірін толықтырып белсенділік көрсетті. Сыныптан тыс осы іс шарада екі топта жақсы білім көрсеткенімен 7Б сынып тобы «Грамотеи» алдыға озды.

3. ӘБ ұстаздарының  жетістіктері, конкурс, вебинар/ семинарларға қатысуы:   

Әдістемелік жұмыстардың нәтижеге жетуі үшін, тәжірибелерді тарату, мұғалімдерінің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында бірлестік ұстаздары түрлі мектепшілік, аудандық байқауларға, вебинарларға, семинарларларға қатысып отырады. Мектебімізде 24.02.2023ж 

облыс көлемінде «Білім сапасын арттыруда интерактивті әдістерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында ғылыми – тәжірибелік семинар өтті. Семинарда ӘБ-дің екі мұғалімі үлгі сабақтарын берді. Ағылшын тілі пәнінен Сейітбекова Т «Food and drink» үлгі сабағын және орыс тілі пәнінен Ормышева А «Шаги великана» сабағын 5 сыныптармен өткізіп, аудан мұғалімдерімен өз тәжірибиелерімен бөлісті. Сабақ берген ұстаздар облыстық «Алғыс хатпен» марапатталды.


Мұғалімнің аты-жөні

                  Семинар/конкурс  тақырыбы

1

Жубатырова Н

Enhancing Student Motivation Engagement. Семинар Қонаев.қ

«Цифрлық технология-заман талабы» Бақбақты ауылы

2

Серикбаева А.

Аудандық «Дарынды балаға – талантты ұстаз»  мұғалімдер арасындағы байқау ІІ орын. 

Enhancing Student Motivation Engagement. Семинар Қонаев.қ тамыз

3

Бектемисова Н

Enhancing Student Motivation Engagement. Семинар Қонаев.қ тамыз

Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер.Облыстық семинар Қонаев қ 02.03.2023ж

4

Жумабекова М.

Enhancing Student Motivation Engagement. Семинар Қонаев.қ тамыз

5

Сейітбекова Т

Enhancing Student Motivation Engagement. Семинар Қонаев.қ тамыз

6

Нұрғожаева А

Оқылым,жазылым дағдыларын қалыптастыру жолдары. Семинар 

Іле ауданы 03.11.2022

7

Жуматаева Ж.К

Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер.Облыстық семинар Қонаев қ 02.03.2023ж

8

Рыскелдина А.Е

Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер.Облыстық семинар Қонаев қ 02.03.2023ж

4.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.  Оқу жылының басында оқушылардың біліміндегі олқылықты түзету мақсатында арнайы жоспар құрылып, тізім жасалынды. Негізгі сабақ барысында ауызшада:  мәтінді оқу, негізгі ойын айтып беру, сұрақ құру, сұрақтарға жауап беру мазмұндау сияқты тапсырмаларда, ал жазбашада орфография мен пунктуацияда  кездескен қателерімен жұмыс жүргізілуде. Жұмыс барысында шамасына қарай олқылықтарды түзетуге арналған тапсырмалар, ал үйге жеке білімдерін бекіту тапсырмалары беріледі. Ережелерді түсініп қабылдауына арнайы тапсырмалар ескерілген. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды түзетуде жетелейтін сұрақтардың пайдасы зор екендігі байқалады

      ІІІ тоқсаннан бастап  9-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында орыс тілінен оқу сауаттылығы тапсырмалары 9-11 сынып оқушыларымен, дайындық жұмыстары қолға алынды. Оку жылының аяқталуына байланысты барлық сыныптардан ТЖБ тапсырмалары алынды.

      Бірлестік ұстаздары жазғы каникул кезінде де оқушылардың орыс және ағылшын тілдер бойынша сауаттылықтары төмендеп кетпеу үшін жазғы демалыста оқуға арналған әдеби кітаптар, әнгімелер мен ертегілер тізімдері жасалынды. Оқыған мәтін бойынша қысқаша мазмұнын жазу тапсырмасы арқылы оқушының жазу сауаттылығына қатысты дағдысымен бірге ойлау қабілеті дамитыны сөзсіз. Оқу барысында кездескен жаңа сөздер бойынша сөздік дәптерін бастап жүргізуге оқушыларға кеңес берілді. 

ӘБ- те 2022-2023 оқу жылында туындаған мәселелер:  

  • Онкүндіктің өз мезгілінде өтпеуі, ӘБ –тің мүшелерінің атсалыспауы
  • Мұғалімдердің шығармашылық тақырыбы бойынша жұмысы төмендігі,баспа жинақтарына жарияланбау
  • Дарынды оқушылармен жұмысты дамыту, пәндік олимпиада, ғылыми жоба байқауларында нәтижелерінің аздығы;
  • Жаңа технологияларды  тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру

Келесі оқу жылында да аталған проблема төңірегінде алдымызға қойылған мақсаттар бойынша жұмыстар жалғасады. Орыс тілі пәні І-ІІ жартыжылдықта білім сапасының мониторингісі жасалынды, көрсеткіші төмендегі кестеде:

І- жартыжылдық бойынша орыс тілі пәнінен  білім сапасының көрсеткіші:

Орыс тілі пәні



5сын

 6сын

 7сын

 8сын

9сын

10сын

11сын

1 тоқсан

65,8

74,6

69,8

62

70,2

87,5

95,8

2 тоқсан

65,8

71,4

71,2

58

71,7

92

95,8

Үлгерімі  %

 100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%


ІІ- жартыжылдық бойынша орыс тілі пәнінен  білім сапасының көрсеткіші:

Орыс тілі пәні




5сын

 6сын

 7сын

 8сын

9сын

10сын

11сын

3 тоқсан

62,7

78,5

70,2

64,7

73,9

92

95,8

4 тоқсан

67,5

72,8

67,5

62,7

68.8

88

95,8

Үлгерімі  %

 100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%


















                                           ІІ – жартыжылдық білім сапасы мониторингісі


 


                                      Бірлестік жетекшісі:                     Жуматаева Ж.К