Жылдық жоспар » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2024

Жылдық жоспар

«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры
А.Ж.Салимбаева
__________






2023-2024 оқу жылына арналған педагог-логопедтің
жылдық жұмыс жоспары







2023-2024 оқу жылына арналған педагог-логопедтің жылдық жұмыс жоспары
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Логопедиялық пункт қызметін ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымдар/құрастырған А.К.Ерсарина. – Алматы: ТПҰҒПО ҚК, 2017ж. «Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019ж. негізге ала отырып, жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылармен коррекциялық құрылым аспектісі әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар оқушылармен жұмыс жасау, білім беру, тәрбиелеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Логопедиялық, коррекциялық-педагогикалық әсер етулер оқушыдағы сөйлеу бұзылыстарын түзету, мектепте оқу процесінде қиындық тудырмауға болысады. Мақсатқа жету жеке және фронтальды сабақтарда логопедтің түзету жұмысымен жүзеге асырылатын, сонымен қатар сынып жетекшісімен, ата-анасымен бір қалыпты сөйлеу тәртібін құру негізінде шешілетін білім беру, тәрбиелік, түзету мен дамыту әдістерін кеңінен қолданумен қамтамасыз етіледі.
Мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін, мектепшілік диагностикалық қорытындысының негізінде анықталған сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларға логопедиялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру, сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу және түзету жұмыстарын жүргізу.
Міндеттері:
1. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға диагностика жүргізу.
2. Сөйлеу тілі бұзылған оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізе отырып әлеуметтік ортаға бейімдеу.
3. Сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын ала отырып, түзете-дамыту арқылы білім беру.







№ Жұмыс бағыты Жұмыс түрі Кіммен жүргізіледі Мерзімі
1 Әдістемелік-ұйымдастырушылық
1.Жалпы нормативтік-құқықтық базамен танысу, құжаттарды жасақтау.
2. Көрнекі-дидактикалық материалдарды жинақтау.
3. Логопунктың (кабинеттің) жабдықталуын қамтамасыз ету.
Педагог - логопед Қыркүйек
2 Диагностикалық бағыт
1. 1-15 қыркүйек аралығында оқушыларды жалпы бақылау (2 а,б-формасы )педагог-логопедтің көмегін қажет ететін оқушылар санын анықтау, диагностикалау. ЕББҚ оқушыларға 3 в-формасын толтыру.
2. Әр оқушыға жеке сөйлеу картасын,логопедиялық қорытынды, жеке дамыту бағдарламасын, жеке және топтық күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру.

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылармен Қыркүйек
3 Түзету бағыты
1. Түзету жұмысының бағытын оқушының қажеттілігіне қарай өзгерту.
2. Жеке және топтық сабақтарды ұйымдастыру.
3.Артикуляциялық жаттығулар кешенін, тыныс алу жаттығуларын,нейрожаттығуларын және түрлі оқушының сөйлеу тілінің бұзылысына қарай түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану.
4.Сөйлеу тілі бұзылған оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізе отырып, әлеуметтік ортаға бейімдеу.
5. Оқушыны үнемі динамикада бақылау.

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылармен Жыл бойы
4 Кеңестік-әдістемелік қызмет 1. Ата-аналарға жеке кеңес беру (ата-анасының қ
алауы бойынша немесе қажет болған жағдайда)
2.Мұғалімдерге жеке кеңес беру.
3. Берілген кеңестерді «Кеңес беру журналдарына»тіркеп отыру. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылардың ата-аналарына, мұғалімдеріне Қажеттіліктеріне қарай
5 Өзін-өзі дамыту 1. Үнемі өзіңді жан-жақсы жетілдіріп отыру. (Біліктілікті арттыру курстарынан өтуді ұйымдастыру)
2. Ғылыми-әдістемелік құралдарды зерделеу т.б
Педагог-логопед Жыл бойы

Педагог-логопед: