Қыздар арасында өткізілген жиналыс » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2022

Қыздар арасында өткізілген жиналыс

2021-2022 оқу жылында 8-11 снп қыздар арасында өткізілген жиналысы туралы

Хабарлама

2021-2022 оқу жылында «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты: қыз балалардың мінез-құлықын, жүріс-тұрысы мен әдеттерін жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу. Жиналыс күн тәртібі бойынша өтті, жиналыста мына мәселелер қаралды: 

1.Психологиялық тренинг. Мектеп педагог-психологы: Қорабаева Г.А

2.Қыздардың жеке бас гигиенасы: Мектеп медбикесі:  Ахунжонова Г

3.«Буллинг» және «Кибербуллингтен» қалай қорғанамыз? Әлеуметтік педагог:  Кошимова С.Е

4.Топтық жұмыс : «Қызды қырық үйден тыю» постер, «Қыз балаға не жарасымды» постер, «Қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер» постер қорғау

5.Кері байланыс, қыздарға арналған жадынама тарату.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қамтылды. Мектеп медбикесі Ахунжонова Г  өз кеңестері мен қажетті ақпараттарды  қыздарға беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік педагог Кошимова С.Е «Буллинг» және «Кибербуллинг» туралы ақпарат бере отырып, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік пен кибербуллингтен қалай қорғану жолдары туралы мәлімет таратты. Қыздардың интернеттегі мәдениеттілігі мен қауіпсіздігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, интернет заманында интернеттегі іс-әрекеттерге жауапкершілік танытуы, өзгелерге зиян келтірмеуі мен зиянды видеолар мен суреттерді ашпауы ескертілді.

Қыздар топтық жұмыс қорғап, өз ойларын ортаға салды. : «Қызды қырық үйден тыйым» постер, «Қыз балаға не жарасымды» постер, «Қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер»  тақырыбында постер қорғады.

Жиналыстың соңында қыз балаларға арналған жадынама таратылып, кері байланыс алынды. Қыздар жиналысына сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері қатысты.