"Мектепке жол" акциясы барысында атқарылған іс-шара » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2022

"Мектепке жол" акциясы барысында атқарылған іс-шара

2021 жылдың тамыз және қыркүйек  аралығында  

«Мектепке жол» акциясы барысында атқарылған іс- шаралар туралы мәлімет 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   “Мектепке жол” дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясын барлық күнтізбелік жылға өзгертілгенін ескере отырып өткізілуін жарияған болатын. Акцияның мақсаты : жаңа оқу жылына дайындық уақытында  аз қамтамасыз етілген  және көп балалы отбасылардан щыққан оқушыларға қолдау көрсету;баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға басқа да көмек көрсету. Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. «Мектепке жол» акциясы бойынша мектепішілік комиссия мүшелері құрылып, іс-шаралар жоспары жасалды. Көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тізімдері жасалды. Сынып жетекшілері ата-аналар комитетімен бірлесіп, аз қамтылған отбасыларда балалардың мектепке дайындығын анықтау мақсатында рейдтер өткізді. 

            Акцияның мақсатына сүйене отырып жаңа оқу жылында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына мектеп мұғалімдері де белсене араласты.Атап айтар болсақ толық емес, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасылардан шыққан 10 балаға оқу құралдары таратылды. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 15 оқушыға қыстық киім, сөмке, қарындаштар және дәптердің сыртқы қаптары берілді.Акция шеңберінде мектеп оқушыларына, ата-аналарға акцияның өтілуі барысында ақпараттық түсінік жұмыстар жүргізілді.


 .