Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1 » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2022

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ

2021-2022 оқу жылы



Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1


 



Қатысқандар: 20

Қатыспағандар: 5

Сыныбы: 7 «А» 

Тақырыбы: «COVID-19 коронавирусын таратудан және жұқтырудан қорғау шараларымен таныстыру»









Ата-ана жиналысының мақсаты:

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2021-2022 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдері) хабардар ету.

Өткізу форматы: сыныпта

Қатысушылар: ата-аналар, сынып жетекші, мектеп психологы

Күн тәртібінде:

1. Жаңа оқу жылындағы оқу форматтарымен таныстыру 

2. COVID-19 коронавирусын таратудан және жұқтырудан қорғау шараларымен таныстыру.


Тыңдалды:

Сынып жетекші жаңа оқу жылының оқу форматтарымен таныстырды.

Коронавирустан сақтану жолдары туралы баяндама оқылып, ата-аналар хабардар етілді.

Коронавирус (COVID-19) сияқты респираторлық вирустар, адам ағзасына көз, мұрын немесе тамақ арқылы құрамында вирусы бар шырыш немесе тамшылардың түсуі арқылы таралады. Көбінесе таралу қол арқылы орын алады. Қол сондай-ақ вирустың бір адамнан екінші адамға таралуының ең жиі кездесетін жолдарының бірі болып табылады.

Жаһандық пандемия кезінде вирус таралуының алдын алудың ең қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдерінің бірі - қолды сабынмен және сумен жиі жуу.

●    Түшкіру мен жөтелудің дұрыс әдебін сақтаңыз: жөтел немесе түшкіру кезінде ауызды және мұрынды бүгілген шынтақпен немесе майлықпен қалқалаңыз, пайдаланған майлықты дереу тастаңыз және қолды жуыңыз
 ●    Бетіңізге (ауызға, мұрынға, көзге) тимеңіз

●    Әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз: қол алысу, құшақтасу немесе сүйісу, бірге тамақтану, бір ыдысты, кеселерді және сүлгілерді бірге пайдаланудан аулақ болыңыз.
 ●    Суық тиген немесе тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыстан аулақ болыңыз.
 ●    Егер сізде немесе сіздің балаңызда жоғары температура, жөтел немесе тыныс тарылу белгілері болса, уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз
 ●    Вируспен жанасуы мүмкін беттерді барынша жиі тазартыңыз (әсіресе қоғамдық орындарда)


Шешімі:

1. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге, карантиндік шараларды қатаң сақтап, жұмысты жалғастыру

2.Мұғалім мен ата-ана және оқушының тығыз байланыста болуы



                                                                             Сынып жетекшісі:              Серикбай А.