СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2022

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ

  «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» 

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

 «Адал Ұрпақ» ұйымының мүшесі 

Климова Айжан


Баяндама :

                      «Мен елімнің ертеңіне, нұрлы болашағына  сенемін»

Әркім туып өскен ел мен жер, Отанын өмірі мен болашағы  туралы ойланбайтын адам бар ма? Мынау жұмыр жерді мекен етіп жүрген әрбір жан бақытты ғұмыр, нұрлы болашақты аң­сай­ды. Ол арманның іске асуы үшін де елі экономикалық табысты бағытта жылжып, бейбіт мақсатпен өмір сүретіндігі ауадай қажет. Қандай ел болмасын, дербес даму жолы, алдына қойған мақсат-міндеті болады. 

Міне, осы ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған арманы орындалды. Бү­гінде құлашын кеңге жайған бай­тақ елге айналып, болашақты бағдарлап байыптайтын,  өтпелі кезеңде халықпен бір болып, елдің еңсесін көтеруге аянбай ат салысып, тер төккен Елбасы­мыз Н.Назарбаевтың ерен ең­бегін Қа­зақстан тұрғындары, халқымыз  жо­ғары бағалайды.

Елбасымыз қалыптасқан жағдайға қай жа­ғынан да сын көзімен үңіліп, байыпты талдап, қажетті деген іс-шараларды қабылдап, әр бас­тама халықтың игілігіне қызмет жасауын үнемі бақылауда ұстап келеді. Қазіргі заман талабы мен мүмкіндіктеріне сай, денсаулық, білім, көлік және байланыс, мектеп , ұлттық қауіпсіздік, ауыл проблемалары, экономика, сонымен қатар, алға жылжуымыздың басты шарты – қоғамымыздың биік мақсаттарға қол жеткізуі үшін халықтың бір­тұтастығы, ауадай қажет. Біз қазіргі таңда ұлы өзгерістер мен жаһандану кезеңінде өмір сү­рудеміз. Елбасымыздың «2030 жылға қарай Қазақстан Орта Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін»,– деген пікір айтты   ту­ған халқының жігерін оятты. Әлбетте, игілікті істің бастауында Елбасымыз жүрді. 

Егемендік алған жылдар республикадағы ұлттар мен ұлыстардың діні мен тілін жаңғыртты, ұлт мүд­десіне қызмет жасайтын ау­қым­ды істерді өмірге әкелді. Ел­ба­сының байсалдылығы мен ұш­қыр саясатының, көрегендігі мен зерделілігінің арқасында Қа­зақ­стан әлемдік қаржы дағ­да­рысының қыспағының ауыртпа­лығына мойымай, қажырлылық танытты. «Мен өз тағдырымды халқымның тағдырынан бө­лек қарап көрген емеспін»,– де­ген Н.Назарбаевтың жүрек толға­ны­сы сенімімізді нығайтты. 

Еліміздің болашағы – жастар. Сол келешек ұрпақтың дені сау, жаны таза, білімі терең, мә­де­ниеті жоғары азамат болуы қоғам алдындағы басты міндет екенін Елбасымыз жақында өткен Жас­тар съезінде айқындап берді. Мен осындай ұлы көштің бастаушысы, елінің ертеңі мен халқының келешегін жеке ба­сы­ның тағдырынан жоғары қоя­тын үлкен жүректі азамат Н.Назарбаевтың ел мүддесін, мемлекет абыройын, халық қа­мын ойлап, қоғам игілігі үшін білек сыбана кірісетін еңбек­қор­лығына, адамгершілігіне риза­шылығымды білдіремін. Еліміздің бүгінгі амандығы, әлеуметтік жағ­дайының дұрыстығы, еш алаңсыз бейбіт аспан астында ғұмыр кешуі – Елбасының сұң­ғыла нәтижесі.  Біз осы жағдайды жалғастырушымыз. Қазақстан  болашақты  өзіне қаратқан дамыған  30 елдің қатарына кіреді деп ойлаймын. 

Біз патриот жастармыз  еліміз үшін, Отанымыз үшін қашанда алдағы іске дайын болуымыз керек. Халқымызда «Жас кезіңде тәрбиелі  білім алсаң  қалайда, Өсе келе  соған қолың жетер », – деген даналық сөз бар. Бүгінгі жастардың  болашағы –  бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас  бір ұлттың бүгінін ертеңімен  жалғайтын алтын көпірі, асыл мұраты болуы керек. Сондықтан  Отан   алдындағы  әр адам  өзінің   ғана емес, туған  елінің дамыған   ертеңгі арқасүйер  азаматы - адал ұрпағы,  өз ұлтының  туын көтерер  өркенді  барысқа айналған  елдің    ұрпағы  болады деп ойлаймын.


Назар аударғандарыңызға  рахмет!!!!!