«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ бастауыш сынып бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша есебі » "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар " Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
білім басқармасының "Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+7(72773)91-4-02
+7 (72773)91-4-02
Есепші бөлімі:+7(72773)91-3-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ бастауыш сынып бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша есебі
11
апрель
2022

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ бастауыш сынып бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша есебі

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ 
бастауыш сынып бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының І тоқсанда   атқарылған жұмыстар бойынша есебі
            Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы заман талабына сай боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.
             «Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап шығармашылықпен ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, бастауыш сынып бірлестігінің алға қойған мақсаты «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы құзыреттілікке қол жеткізу» Осы мақсатқа жету жолында жұмыстар атқарылып  жатыр.                                                                                      
Бастауыш сынып мұғалімдеріне «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды. Биылғы оқу жылында болып жатқан жағдайға байланысты нұсқау хаттағы өзгерістер айтылды. Әдістемелік бірлестік отырысында талқыланды. Пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспары , таңдау курстарының жоспары тексеріліп ,бекітілді. Пән кабинеттерінің жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді. Оның ішінде тазалығы / бөлме гүлдерімен жабдықталуы/ , әдістемелік көрнекі - құралдарының толықтыруы, санитарлық талапқа сай болуы  анықталды.                                                                                      
Мұғалімдер өздерінің жеке жұмыс жоспарын құрып сол бойынша жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ  «Олқылықтарды жою бойынша» жұмыстар  ұйымдастырылды.  Білім, дағдылардағы қателіктер мен олқылықтар және олардың себептерін анықталды. Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалып, талданды. Соның нәтижесінде өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттары анықталды. Пән мұғалімдері білім алушылардың білімін толықтырудағы «Жоспарлау» алгоритмін жасап, сол бойынша жұмыстар атқаруда.
        Биылғы жылда аттестатциядан өтетін педагог қызметкерлердің құжаттарын жинақтау жұмыстары жүргізілді. Аттестатциядан өтетін педагогтар анықталды. Бастауыш сынып мұғалімі Үйсінбаева Шолпан- модератор санатына өтуге өтініш жазып, тесттен өтіп келді, құжаттарын дайындады. 
Тәрбие саласы бойынша  ұстаздар жоспарға сай сынып сағаттарын өткізді. Алғашқы қоңырау Білім күніне орай барлық сыныптарда «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаты өткізілді. Тіл мерекесін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.      2 «А» сыныбында «Тілім менің - тірегім» атты сынып сағаты өткізілді.  3 «Б» сыныбында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сынып сағаты өткізілді. Ұстаздар күніне арналған 1-4 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 
Бастауыш сынып оқушыларының арасында «Зерде » ғылыми-шығармашылық байқауында дайындық жұмыстары жүргізілді. Қатысатын  оқушылар анықталып,  олардың жұмыстары тексерілді. Бастауыш сынып бірлестік жоспары бойынша «Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын тиімді қолдану» тақырыбында мектепішілік семинар – коучинг өткілді. Коучинге мектеп мұғалімдері қатысып, оң бағасын берді.
       1 тоқсан бойынша 2-4 сыныптарда негізігі пәндерден ТЖБ жұмыстары алынып, білім сапасы анықталды.  2-4 сыныптарға мониторинг жүргізілді. 
Бастауыш сыныптардың  жеке   пәндер бойынша білім сапасының мониторингісі.
1-тоқсан   2020-2021 оқу жылы
             1-тоқсан
Білім сапасы
Әдебиеттік оқуҚазақ    тіліМатема   тикаОрыс тіліАғылшын тіліЖараты лыстануДүние  тану
2-сынып85,982,466,684,285,9

3-сынып71,269,564,477,966,176,2
4-сынып66,664,264,266,661,973,8
Үлгерімі100100100100100100
Білім беру ісіндегі шығармашылық еңбектің нәтижесі мен тәжірибе алмасу мақсатында І тоқсанда бастауыш сынып педогогтары мен оқушылар әртүрлі пәндік олипиадаларға қатысып дипломдармен сертификаттарға ие болды. Аудандық, облыстық көлемде өтілген оқыту–семинарларға қатысты. Сондай-ақ баспа беттерінде еңбектері жарық көрді. Атап айтар болсақ:
Оқушылар жетістігі: 1 ә сыныбы бойынша  3 оқушы «Балдәурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты шығармашылық байқауына қатысты. «Күзгі модель» Серікқали Сұлтан , Ғалым Нұрбол  Iдәрежелі,  Ғалымұлы Әлинұр II дәрежелі дипломмен марапатталды. 1 «Б» сыныбынан Республикалық "Дара бала" журналының ұйымдастыруымен өткізілген "Ана тілім - ардағым" атты байқауда "Бейнелеу өнері" сайысынан II орын иегері Алмабек Сезім марапатталды. 3 «А» сыныбынан  Халықаралық ғылым және білімді қолдау орталығының қолдауымен"Мың бала" интеллектуалдық білім сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай өлеңдерін мәнерлеп оқу Республикалық шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 1-орын алған оқушылар: Мейрамбекқызы Махаббат, Шаймухамбет Абдурахман, Ысқақ Ұлжан, 2-орын алған оқушылар: Ерікбай Аяла,  Мұрат Айару, Омар Амина. Сондай-ақ аудандық  Кіші Ғылыми Академиясының ғылыми- тәжірибелік конференциясында Талғат Жанел Ринатқызы 1-орын алды.
Мұғалімдер жетістіктері: «Балдәурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты ұйымдастырған шығармашылық байқауына шәкірттерін қатыстырып, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруге қосқан үлесі үшін Уйсинбаева Шолпан Жетписпаевна Дипломмен марапатталды. Жоғарғы біліктілігімен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы-жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арналған табысты еңбегі үшін Құрмет грамотасы сондай-ақ  ұстаздарға арналған әдістемелік орталығы ұйымдастырған қашықтық олимпиаданың дамуына ат салысқаны үшін Алғыс хат BILIMTIME.KZ  марапатталды.  КИО. KZ «Кемеңгер ұстаз» олимпиаданың жүлдегері I дәрежелі диплом. Н.Н.Бекмолдаева Халықаралық ғылым және білімді қолдау орталығының қолдауымен "Мың бала" интеллектуалдық білім сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай өлеңдерін мәнерлеп оқу Республикалық шығармашылық байқауына "Мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша өз оқушыларын қатыстырып, білім саласына үлес қосқаны үшін Дипломмен марапатталды және Аудандық Кіші Ғылыми Академиясының ғылыми- тәжірибелік конференциясында оқушысы жүлделі орын алғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды
«Бастауыш мектеп» Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналында  әдебиеттік оқу пәнінен «Оқуға шақыру» тақырыбында Жұман Дарияның  ашық   сабағы жарық көрді.№9 (106) қыркүйек 2021ж. Нурекеева Альфияның Алматы облыстық білім басқармасы ММ «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы»МКК, «PIRLS халықаралық зерттеуі: мәтін және тапсырмалар үлгілері» атты жинаққа бастауыш сынып оқушыларына арналған мәтінмен жұмыс жарияланды Сондай-ақ облыстық әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Бастауыш сыныпта сапалы білім берудің өзекті мәселелері» , «Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі», «Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың жолдары» атты вебинарларға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып,  іс-тәжірибелерін  толықтырды.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі:                      А.К.Нурекеева  
«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ 
бастауыш сынып бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсанда   атқарылған жұмыстар бойынша есебі
                       «Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап шығармашылықпен ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, бастауыш сынып бірлестігінің алға қойған мақсаты «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы құзыреттілікке қол жеткізу» Осы мақсатқа жету жолында жұмыстар атқарылып   жатыр.                                                                                      
2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсанында бастауыш сынып бірлестігінің жоспары бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ қараша айында 2-4 сыныптар арасында жылдам оқудан жарыс болды. Аталған жарыста 2 сыныптар арасынан Дәулетұлы Нұртас, 3 сыныптар арасынан Ратбек Айзере, 4 сыныптар арасынан   Ниетбай Жанали жүлделі 1 орынға иеленді. Қалған оқушылар жүлделі 2, 3 орындарға ие болды. 
Әр сынып және мектеп ішінде «Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында көрме ұйымдастырылып, оқушылар сабақ арасында, сабақтан кейін кітап оқуды әдетке айналдырған. 
Желтоқсан айында 3-4 сыныптар арасында негізгі пәндерден мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Оқушылар өз білімдерін көрсетіп, арнайы марапатпен марапатталды. Жоспарға сәйкес мұғалімдер арасында «Оқушылардың білімін критериалды бағалау» атты семинар – коучинг өткізілді. Коучинге мектеп мұғалімдері қатысып, оң бағасын беріп, тәжірибе алмасты. «Зерде» ғылыми-шығармашылық байқауына бастауыш сынып оқушыларынан 6 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2 сынып оқушыларынан Талғат Нәби, Жанат Кәусар    3 сынып оқушыларынан Қасымдолла Ақжол, Есимбеков Ертарғын, Талғат Жанель, Сауытхан Даян қатысты. Қасымдолла Ақжол мен Есимбеков Ертарғын аудандық кезеңнен 1 орын алып облысқа өтті.
Тәрбие саласы бойынша  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әр сыныпта сынып сағаттары болып өтті. 3 «Б» сыныбында «Тәуелсіздігім - тұғырым» атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев және т.б желтоқсан құрбандарын еске алып, олардың есімі ешқашан ұмытылмайтындығы жөнінде, сондай-ақ 30 жылдық тәуелсіздіктің жетістіктері туралы айтылып, өз арнауларын арнады. 
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына мектебіміздің 1-4 сыныптар арасында мектепішілік мерекелік іс-шара кең көлемде аталып өтті. Оқушылар Тәуелсіздікке өз арнауларын арнап, ән, би, жырдан шашу шашты. 
Бастауыш сынып оқушылары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап, сурет салып, макет жасап, өз  қолөнерлерімен көрме жасады.
       ІІ тоқсан бойынша 2-4 сыныптарда негізігі пәндерден ТЖБ жұмыстары алынып, білім сапасы анықталды.  2-4 сыныптарға мониторинг жүргізілді. 
Бастауыш сыныптардың  жеке   пәндер бойынша білім сапасының мониторингісі.
2-тоқсан   2021-2022 оқу жылы
          2-тоқсан
Білім сапасы
Әдебиеттік оқуҚазақ    тіліМатема   тикаОрыс тіліАғылшын тіліЖараты лыстануДүние  тану
2-сынып77,977,984,786,486,494,993,2
3-сынып74,170,668,975,870,677,577,5
4-сынып60606063606360
Үлгерімі100100100100100100100
Білім беру ісіндегі шығармашылық еңбектің нәтижесі мен тәжірибе алмасу мақсатында ІІ тоқсанда бастауыш сынып педогогтары мен оқушылар әртүрлі пәндік олипиадаларға қатысып дипломдармен сертификаттарға ие болды. Аудандық, облыстық көлемде өтілген оқыту–семинарларға қатысты. Сондай-ақ баспа беттерінде еңбектері жарық көрді.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі:                      А.К.Нурекеева